Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Таразда күнбағыс майын шығарумен айна­лы­са­тын ЖШС тоналды

Дата: 11 марта 2011 в 18:11

Таразда күнбағыс майын шығарумен айна­лы­са­тын ЖШС тоналды

Жуырда Тараз қаласының орталығында күнбағыс майын шығарумен айна­лы­са­тын қаладағы ірі ЖШС-ның бірі тоналды.

Түнгі то­нау­шылар есік-терезені оп-оңай бұзып, есепшінің кабинетіндегі сейфті ашып, онда тұрған жұмысшылардың 1 958 000 теңге жалақыларын ұрлап кеткен.

Қалалық ІІБ бастығы, полиция под­пол­ков­нигі Қасым Досановтың нұсқауы бойын­ша ең үздік із кесушілер мен тер­геу­шілерден құрылған арнайы топ дереу тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Полиция қызметкерлері сол күні кешке фирманың жанына «БМВ» маркалы автокөліктің келіп тоқтағанын анықтаған. Бұл автокөлікті сол күні кешке авансын алып кеткен фирма жұмысшысы мініп жүрген.

Жұмахан АНАПИЕВ, мүліктік қылмыс­тар­ды ашу жөніндегі бөлімшенің бастығы, по­ли­ция подполковнигі:

– Бізге «Төлебай Май-2007» ЖШС екі жас жұмысшысы күдік тудырды. Оның біреуі – жақын маңдағы Киров кө­ше­сінің тұрғыны, бір жылға жуық ап­па­ратшы болып жұмыс істеген, ал оның әріптесі екі жылдан астам уақыт бойы осында жұмыс істеп келген. Ол екеуі кас­сирдің екі миллион ақшаны сейфке салып жатқанын көрген.

Аталмыш серіктестіктің 22 жастағы екі жұмысшысы 25 мың теңге аванстарын алып, бильярдқа тартады, ішіп отырып, екі миллион теңгені естеріне түсіреді.

Бұлар оған жетудің қиын емес екенін білетін. По­ли­цейлердің шебер іс-әрекеттерінің ар­қа­сында аталған қылмыс ізі суымай ашылып, ақ­ша кәсіпорынға қайтарылды.

Жедел уә­кіл­дер күдіктілердің бірін үйінен ұстаған, сол жақтан аталмыш ақшаны да тапқан.

Әлі бұзылмаған нақты ақшасы бар пакет сарай алдындағы бастырмадағы қоймадан табылды.

Екі қаскүнем де ұзақ уақыт бұл қылмысқа қатыстары жоқтығын айтып бақты. Тек бұлтартпас айғақтарды алға тартқаннан кейін тұтқындар өздерінің кінәларын мойындады.

По сообщению сайта Nur.kz