Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Өскеменнің орталығында дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Дата: 12 марта 2011 в 13:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Өскеменнің орталығында дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Өскеменде Гоголь көшесіндегі дүкендердің біріне жасалған шабуыл фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бетперде киген белгісіз екеу гастрономға басып кірген және сатушыны тапаншамен қорқытып, кассадағы 15 мың теңге ақшаны және 11 мың теңгенің «Билайн» карточкаларын алып кеткен, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қылмыскерлер сондай-ақ сатушы әйелдің де ұялы телефонын тартып алған. Полицейлер бір тәулікке жеткізбей қарақшылардың біреуін қолға түсірді. Ол жақында түрмеден шыққан 21 жастағы жігіт болып шыққан.

Көп ұзамай екінші қылмыскер де ұсталды, ол — Өскемендегі кәсіптік-техникалық училищенің оқушысы.

Одан екі бетперде, пневматикалық тапанша тәркіленді.

Тергеу барысында анықталғандай, ұрлаған ақшаның біразын олар дәмханада жұмсаған, «операцияның сәтті өткенін жуған».

Қалған ақшаны теңдей бөліп алған, әрқайсысына — 5400 теңгеден тиген. Ал сатушының ұялы телефонын олар келесі күні базарға апарып 2200 теңгеге сатып жіберген.

Сатушының ұялы телефонын олар келесі күні базарға апарып 2200 теңгеге сатып жіберген

Полицияның айтуынша, дүкенде дабыл нүктесі орнатылғанымен, онда не бейнебақылау, не күзетші болмаған.

Дүкен үлкен, бірақ онда бір ғана сатушы-әйел қызмет көрсеткен.

По сообщению сайта Nur.kz

Читайте также