Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әділжан Үмбет. Ойсылқараның орны ойсырап қалмасын

Дата: 12 марта 2011 в 15:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ежелден көшпелі өмірдің қазанын қайнатқан қазекем түйені түліктің төресі деп бағалады. Солай болатын да жөні бар секілді. Аталмыш жануар күтім талғай бермейді. Оны әрбір қазақ жақсы біледі. Қайталап айтып жатқанымыз артық секілді. Ал түйенің біздің тіршілігімізде тигізетін пайдасы орасан. Зіл батпан жүктерді арқалап, қаншама шақырымды артқа салса да, мыңқ ете қоймайтын түлік түрі біз үшін таптырмас көлік болды. Одан қалды, еті мен сүтінің дәмі тіл үйіріп, дәм татқан адамның таңдайынан кетпейтіні тағы да бар. Түйе жүнінен небір жылы киімдер тоқылатын. Осындай қасиеттері арқылы Ойсылқара тұқымы біздің қазақ халқының өмірінен ойып орын алды. Қазір ше? Түйе түлігінің қаншалықты бағасына жетіп жүрміз? Әңгіменің әлқиссасын бастағанда осы сауал тіл ұшына орала береді.

Бүгінгі таңда жер шарында 20 мил­лионнан астам түйе бар. Оның үштен бір бөлігі Африка құрлығындағы Со­мали мемлекетінде екен. Ал 3 мил­лионнан астамы аталмыш құрлықтағы Су­данды мекен етеді. Сондай-ақ түйе Азия­ның Арабия түбегі мен орталық ай­мағында да кездеседі. Әсіресе шөл­ді өңірлерде жиі көзге ұшырасады. Қа­зақстанның Маңғыстау, Атырау, Ақ­төбе және Қызылорда облыстарында олар­дың саны көбірек. Жалпы саны — 160 мыңға жуық. Оның ішінде 80 па­йызға жуығы Маңғыстау облы­сының үлесіне тиеді. Ал Сыр өңірінде 30 мың басқа жуықтаса, қалғаны елі­міз­дің басқа аймақтарында кез­деседі.

Қазақ еліндегі түйе саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда өте аза­йып кеткен. Қолдағы деректерге сү­йенсек, өткен ғасырдың 30-жыл­да­рына дейін елімізде 1 миллионнан ас­там Ой­сыл­қа­ра тұқымы болғанға ұқ­сайды. Өкінішке қа­рай, қазір олар­дың саны сол жыл­дар­мен салыс­тыр­ғанда алты-жеті есеге дейін кеміп кеткенін аңғару қиынға соға қоймас. Неге? Не себепті?

Оны түсіну қиынға соғады. Болмаса, күтім талғай бермейтін түйе осыншама азайып кетер ме еді? Одан бері де уақыт мырзаның қаншама парағы жыртылып, біз жеке ел ретінде түтін түтетіп жатырмыз. Алайда мал шаруашылығында түйеге деген көзқарас өз деңгейінде емес. Біз негізінен сиыр және қой малдарын асылдандыруға маңыз беріп, қалғанын естен шығарып алған секілдіміз. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында алдағы уақытта мал шаруа­шылығын дамыту арқылы экспортқа мал өнімдерін шығару мәселесіне назар аудару керектігін атап көрсетті. Сондықтан бұл бағытта түйені тағы да естен шығарып алмағанымыз орынды болар еді.

Жалпы, түйе сүтінен өндірілетін өнімдер біздің халқымыздың дәстүрлі тағамдары қатарына жатады. Тіл үйірер шұбаттан дәм татқан шетелдіктер таңдай қаққанын талай көргенбіз. Өкініштісі, біз оларға осы өнімдерді экспортқа шығара алмай отырмыз. Расын айту керек, оған ешқандай шамамыз келер емес. Бәлкім, дайын асқа үйреніп қалға­ны­мыздан шығар. Елімізге ағыл-тегіл ағылып, өзге жақтан келген тауарлар дүкен сөресінде толып тұр. Дегенмен біз шетелге шығармақ түгіл, түйе малынан өндірілетін өнімдерді өз тұтынушыларымызға жеткізе алмай отырмыз.

Мамандардың айтуынша, соңғы жыл­дарда аталмыш түлік түрінің басы артып келеді. Алайда одан алынатын өнім деңгейі көңіл көншітпейді. Осыдан үш жыл бұрын 5,5 мың тонна шамасында түйе еті, 11,5 мың тонна қымыран өндірілген екен. Арада бір жылдай өткенде барлығы 200-800 тонна шамасында кеміп кеткен. Бұл нені көрсетеді? Осы салаға деген көзқарастың әлі де өз деңгейінде емес екенін аңғартады. Сонымен қатар асыл тұқымды түйелердің аздығы да алаңдатады.

Дәулет Ибрагимов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:

— Әлемде түйе шаруашылығынан өнім өндіру болашағы зор жұмыстардың біріне жатады. Өкінішке қарай, бізде асыл тұқымды малдың құндылығын баға­лай­тын мамандар жоқтың қасы. Жалпы, төрт түліктің қай түрі де, бағалай білсең, мол кіріс кіргізеді. Сол себепті ең алдымен мал тұқымын асылдандыруға ерекше мән бергеніміз артық емес.

Кезінде түлік түрлерін бағумен ар­найы шаруашылықтар айналысты. Қазір басқаша жағдай қалыптасып отыр. Елі­міздегі төрт түліктің көпшілігі — жеке адам­дардың қолында. Әрине, бұ­рын­ғыдай бұл саланы қолдау жоқ. Әркім өз ша­руасын күйттеп жүр. Сондықтан же­ке­нің қолындағы малды асылдандыру мә­се­лесі кемшін түсіп жатқаны жасырын емес. Мәселен, Қазақстандағы Ой­сыл­қа­ра тұқымының 80 пайызға жуығы шаруа адамдарына тиесілі екен. Сол себепті түлік төресін асылдандыру әзірге қиын соғып тұрған жайы бар.

Талғат ДҮЙСЕБАЕВ, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары:

— Облыстағы төрт түлік түрлеріне ал­дағы уақытта баса назар ауда­ры­лады. Қазіргі таңда осы бағытта жұ­мыс­тар жүргізіп жатырмыз. Түйе ша­руа­ш­ылығын дамытуға да көңіл бө­лінбекші.

Қызылорда облысы

«Алаш айнасы» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы