Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елбасы «Жас Ұлан» жастар қозғалысын құруды таспырды

Дата: 13 марта 2011 в 08:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елбасы «Жас Ұлан» жастар қозғалысын құруды таспырды

Саясатта әлеуметтену деген ұғым бар. Яғни адам­ның бала жасынан қор­шаған ортасын, Отанын танып-біліп өсуі.

Әлбет­те, оған ықпал ететін құбы­лыстар болуы қажет. Ата-ана тәрбиесімен қатар, оқу орындарында оқушыларды бір мақсатқа жұмылдыру идеясын жүргізу арқылы тұлға ретінде қалыптастыра алуға болады. Өкінішке қарай, дәл бүгін Тәуелсіздік идеологиясын насихаттайтын осындай жалпыұлттық ұйымдар жоқтың қасы.

Елбасы ұсынысы

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билік партиясының алдына «Жас Ұлан» бірегей жастар қозғалысын және «Жас қыран» атты жаңа балалар ұйымын құру туралы тапсырма берді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Бала тәрбиелеу – бұл ата-ананың ерекше азаматтық борышы. Біздің халқымыз «Баланың бас ұстазы – ата-ана» деп бекер айтпайды. Алайда кейінгі күні осы қағидадан шығып бара жатқандаймыз.

Ауылда өскен балалар ата-ананың тәрбиесін білетін болса, қаладағылардың бәрі жұмысбасты болып, бала тәрбиесіне көп бара алмай жүр.

Бұлай кете берсе, біз салтымыздан, тілімізден, ғұрпымыздан да ажырай беруіміз мүмкін. Ал баланың тілі ана тілінде шықса, бесігінде барлық қазақы тәрбиені сіңірсе, бойына ана сүтімен ұлттық қасиет дарытылса, сонда ғана отансүйгіштік болады», – деді.

Ал баланың тілі ана тілінде шықса, бесігінде барлық қазақы тәрбиені сіңірсе, бойына ана сүтімен ұлттық қасиет дарытылса, сонда ғана отансүйгіштік болады

Сонымен қатар Президент ана мен балаға мемлекеттік қолдаудың жақсы үрдіспен атқарылып жатқанын айта келе, бұл шараны болашаққа салынған сапалы инвестицияға теңеді. Президенттің айтуынша, мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты лайықты тұлға ретінде болашақ қазақстандықты тәрбиелеу болып табылады.

Жастар пікірі

Иә, қазіргі балалар мен жастарды қол­дау сапалы инвестиция екені сөзсіз. Ел­дің ертеңі де жастардың азамат, адам болып қалыптасуына байланысты. Алайда Елбасы ұсынған жастар мен балалар ұй­ымдарының мәртебесі, әлеуеті, жұмыс жүр­гізу шеңбері, қаржылық мүмкіндігі, ақ­параттық ресурсы т.с.с. маңызды мәсе­ле­лері қалай болмақ? Осы мәселе жөнінде елі­міздегі жастар ұйымдарының бел­сен­ді­лерінің пікірі мен ұсыныстарын білген едік.

Бүгінгі күні елімізде жастар ұйым­дарының санының біршама екендігі белгілі

Әсет ТҰРДЫҒҰЛОВ, Қазақстан Жастар одағының төрағасы:

– Бүгінгі күні елімізде жастар ұйым­дарының санының біршама екендігі белгілі. Ол ұйымдар өздерінің шама­лары жеткендерінше жастар мәселелерімен айналысуда. Бірақ жастар проблемала­ры әлі күнге дейін түбегейлі шешімін таппай келеді. Осындай жағдайда Ел­басының жаңа­ша жастар және балалар ұйымын құру жөніндегі бастама көтеруі белгілі бір дәрежеде уақыт талабы деп ойлаймын.

«Бірақ ол ұйымдар уақыт өте келе, өзіне дейінгі жастар ұйымдарының кебін кимей ме?» деген күдік те жоқ емес. Басқа жастар ұйымдарымен қарым-қа­ты­насы қандай негізде құрылады? Сұ­рақтар өте көп.

Дегенмен де, меніңше, бұл бастама бірінші кезекте, жастар мәселесі Елбасының назарында екендігін көр­сетеді. Екіншіден, жас азаматтарға тән проблемаларды шешуге нақты қадам­дар істелінуі мүмкін. Үшіншіден, ол құ­ры­латын ұйым өзінше жеке дербес ұйым болғаны жөн.

Біз, жастар, шашыраңқы, бытыраңқы бол­ғаннан ұтыламыз

Еркебұлан АЛДАБЕРГЕНОВ, Павлодар облыстық «Ұлан» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Мемлекет басшысы жаңаша көз­қарастың, жаңа серпіннің, жаңа өзге­рістердің, жастар саясатындағы жүйе­ліліктің қажеттігін қадап айтты. Біз, жастар, шашыраңқы, бытыраңқы бол­ғаннан ұтыламыз. Қазақстан жастарына бір қозғалысқа бірігетін уақыт келген сияқты. «Бір жағадан бас шығарып» ғана биік асуларды бағындыра аламыз. Мемлекеттігімізді нығайту, дамыту үшін ең алдымен барлық жастар ұйымы Ел­ба­сының ұсынысы аясында бірігу қа­жет деп түсінемін. Ал енді ұсынысым, сол ұйымдардың бәрі бас қосқанда Қазақстан жастарына «біз осы уақытқа дейін не істедік, болашақта не істейміз, қайда барамыз?» деген мәселелер шығарылған күн тәртібімен басқосу қа­жет. Сонымен қатар,

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан жас­тарының нақты стратегиялық бағ­дар­ламасын жасауды ұсынамын.

Қолға алынған шара

Президенттің бұл ұсынысын жүзеге асыру аса қиынға соқпас. Себебі еліміздегі студенттік құрылыс және жастар еңбек от­рядтары жастар қоғамдық бірлестігі осы мәселе төңірегінде біраз шаруалар атқарған болатын.

Бірлестік жетекшісі Алмасбек Нұғманов былай дейді:

– Жалпы, бұл идея біздің бірлестік құрылмастан бұрын бірді-екілі жас азаматтардың арасында пайда болды. Мектептерді аралағанымызда оқушы­лардың басын бір идеяға тоғыстыратын ұйымдардың қажет екенін түсіндік. Оның үстіне, оқушылар арасында қыл­мыс­тық әрекеттер де жиілеп кетті. Орта білім беру орындарында мектепішілік ұйымдар жоқ емес, бар, бірақ олар мем­лекеттің саясатын жалпыұлттық дең­гейде насихаттап отырған жоқ. Кез келген жақсы дүние – тарихтың жаңаруы. Сондықтан біз өткенді көшіріп алған жоқпыз, дегенмен ұқсас­тықтар бар. Жасөспірімдердің басын бір арнаға тоғыстыратын ұйымдар болмайынша, жалпыұлттық патриотизмді қалып­тастыру мүмкін емес екеніне көзіміз жетті.

Пат­риоттық сезім ақшамен өлшенбейді.

Ал мектеп жасынан ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен азаматтың рухы биік болады. Біз тәрбиені осындай ұйымдар арқылы жүргізсек, ұтылмаймыз деген ниетпен, осы жобаны жасап шығардық.

Мектеп жасын­дағы балаларды екі сатыға бөлдік. 1-5 сынып аралығындағы балаларды — «отаншылдар», 6-11 сынып оқу­шыларын «Жалынды жастар» ұйымына топтастырсақ деп ойладық. «Отаншылдарда» арнайы төсбелгі болады.

Онда ұлттық нақыш­тармен жасалған сегіз бұрыш пен алтын әріптер жазылады, ортасында Тәуелсіздік монументінің белгісі салынады. Оның негізгі түсі Туымыздың түсі болады. Ал ұйым қатарына қабыл­дану шарты бойынша, бала бірінші кезекте мемлекеттік рәміз­дерімізді білуі керек.

Әнұранды, Туымыз бен Елтаң­бамыздың сипаттамаларын жат­қа айт­қан балалар ғана «отаншы­лдардың қатарына ене отырып, елімді, жерімді, ата анамды құрметтеуге дос­та­рымның алдында ант етемін» деп, ұйым қатарына қабыл­данса деген ойымыз бар.

Ал екінші кезеңді «Жалынды жастар» деп атауымыздың себебі, баланың өтпелі жасында қылмысқа баруы жиі кездеседі, сабағында енжар­лық байқатады. Міне, осы кезеңде жас­өспірімдердің бойына «мен елімнің жалынды жасы боламын» дейтіндей идеяны сіңіру керек. Бұл ұйымның өздерінің анты да қарастырылды.

Түйін

Еліміздегі белсенді жастардың тың пікірлері мен нақты ұсыныстары Елбасының көтерген мәселесімен ұштасып жатқандай. Тек осы маңызды мәселенің жүзеге асуына тікелей ықпал ететін шенеуніктер жастар мәселесіне ерекше ден қойса екен дейміз.

По сообщению сайта Nur.kz