Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан-қытай шекарасына мониторинг жүргізіледі

Дата: 13 марта 2011 в 10:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан-қытай шекарасына мониторинг жүргізіледі

Алматыда Кедендік бақылау департаментінде «Жетісу» қазақстан-қытай шекарасына мониторинг жүргізудің өңірлік орталығы ашылды.

Салтанатты шараға ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев және ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов қатысты.

Ашылу рәсімінде онлайн-режимде Қытаймен мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттеріндегі кеден бекеттерінің жұмысы көрсетілді және Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстанмен арадағы шекараны бейнебақылау орталықтарының жұмыстары таныстырылып, түсіндірілді.

Болат Жәмішевтың айтуынша, аталмыш мониторинг жүргізу орталығы Қазақстан шекарасындағы барлық кедендік бекеттердің жұмыстарын, барлық үдерістерді бақылауға, кеден ережелерін бұзу әрекеттерін анықтауға, сыбайлас жемқорлықтың ықтимал көріністерін болдырмауға, сонымен қатар, шекарадағы штаттан тыс жағдайларға жедел іс-әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Орталыққа екі әуежай, шекаралардағы теміржол және автокөлік жолдары қосылған. Барлық нысандарда бейнекамералар орнатылған. Мәселен, автокөлік өткенде бірден оның көлік нөмірі, салмағы, көлік жайындағы барлық ақпараттар, құжаттары жазылып шығады және оның әкетіп бара жатқан тауарлары жайындағы ақпараттар да бірден тіркеледі. Осылайша, барлық мәліметтер бірден мониторинг орталығына түсіп отырады. Мұндай бақылау көлік құралдарының кіру мен шығуын және оның құжаттарының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді»,-деп түсіндірді министр.

Көліктерге арнайы электрондық пломба қойылып, ал жүргізушілер арнайы «сейф-пакет» қолданатын болады

Оның айтуынша, енді, көліктерге арнайы электрондық пломба қойылып, ал жүргізушілер арнайы «сейф-пакет» қолданатын болады. Бүгінде шекарадан өту процесі 15 минутқа қысқарған.

Ол сонымен қатар, ашылу рәсімінде биылғы жылы кедендік бекеттер тәулік бойы жұмыс түріне көшетін болады деп хабарлады.

«Шекаралық мониторинг орталықтарының ашылуы мемлекет мүддесі үшін де, бизнес өкілдері үшін де артықшылықтар беретіні сөзсіз. Мемлекет үшін — кірістерді толық өндіріп алмау проблемаларын жоюға, сауда кәсіпорындарының талаптарды қатаң орындауға, заманауи технологияларды қолдануға, ресурстарды тиімді және оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді. Бизнес үшін — шығындарды төмендетуге, кедендік тазалауды және жөнелтуге рұқсат алуды тездетуге, ережелерді түсінікті түрде талқылау және қолдануға, ресурстарды неғұрлым тиімді және оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді»,-деді Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов орталықтың ашылу рәсімінде.

 

По сообщению сайта Nur.kz