Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Серік Ерғали. Наурыз – әр күні мәнді мереке

Дата: 14 марта 2011 в 02:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Наурызды мерекелеудің шынайы мазмұнға сәйкес болуы мен заманға сай қызықты да, сәнді болуы, терең мағананы қарапайым рәсімдермен «әшекейлеу» арқылы жұртқа тартымды мейрам бейнесін жасақтау ғана оны жағымды да әйгілі етпек.  Сондықтан көпшіліктің көңілінен қағыс қалдырмас үшін барлық мүмкіндікті ойластыра отырып, наурыздың 14-21 аралығында кірісуге болатындай рәсімдер мен ғұрыптарды заманға сәйкестендіре жүйелей ұйымдастыруды ұсынып отырмыз. Бұл тоғыз күннің әрқайсысына мазмұн бере отырып, Наурыздың сипатын ашатындай және заманға сәйкес шараларға айналатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр, салт пен жоралғылар өз орнын табатындай ахуал орнатуға әбден болады.

14 наурыз — Көктем күні

Белгісі — қызғалдақ, раушан гүлдері. Күнге құрмет, сезім, достық күні. Бұл күні жұрт бір-бірін көктемнің алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесу рәсімін жасайды. Алыстағылар телефонмен, смспен хабарласады, құтпарақпен құттықтасады. Ерлер әйелдерге қызыл гүл сыйлайды. Көшелерге де қызыл түсті безендірімдер ілінеді. Бұл күннен бастап туылған нәресте астралдық жаңажылдық күнтізбеге енгізіледі.

 

15 наурыз — Алас күні

Белгісі — алау. Бұл күн негізінен тазару күні болып табылады. Адамдар үйлерін тазалап, ескі киімдер мен заттарын өртейді. Көше тазалауға жұрт жұмылдырылады. Саябақтар мен саяжолдар тазартылып, ауылдарда бұлақтың көзі аршылады. Үйді, ауылды, көшені аластау рәсімі жүреді. Адамдар бұл күні жаппай шомылып, тазарады.

 

16 наурыз — Өніс күні

Белгісі — бүршік жарған талшыбық немесе қозы. Молаю күні болып табылады. Бұл күні әр ауыл, көше, қала тал егумен айналысады болмаса болашақ саябақ, орман-тоғай орындарын әзірлейді. Адамдар үйлеріне, көшеге, саябаққа тез көктейтін дақыл, гүл, ағаш егеді.

 

17 наурыз — Береке күні

Белгісі — қазан. Бұл күні әр үй «Қазан толы» рәсімі бойынша наурыз көже пісіреді. Әр үй кемінде жеті адамға көже беріп, әр адам кемінде жеті үйден көже ішеді. Осы күннен бастап, жұрт наурыздық дастарханға әзірлік бастайды. Адамдар бір-біріне қонаққа барып, көже ішіседі.

 

18 наурыз — Иіс күні

Белгісі — алақан. Рухани әлемге құрмет күні. Қайырым мен мейірім көрсету күні. Бұл күні жұрт ерте тұрып, қайтыс болған туыстарының зираттарына барып, тазалап, ретке келтіреді. Дұға арнайды. Үйлерінде жеті шелпек пісіріп, таратады. Хош иісті шөптермен, иіссулармен орынжайларды, бөлмелерді жұпарлау қолға алынады. Иіс күні қасиетті Жұмаға сәйкес келгені дұрыс.

 

19 наурыз — Жайнау күні

Белгісі — құрақ көрпеше. Бұл күні әркім өз үйін әшекейлейді, көше, ауыл алуан түске безендіріледі. Төрге құрақ көрпе төселеді, қабырғаларға кілем жайылады. Жаңа киім, жаңа мүлік пен жиһаз сатып алады. Наурызшеруге киешек (костюм) әзірлейді.

 

20 наурыз — Шаттық күні

Белгісі — қоңырау. Бұл күнді әркім қуанышты өткізіп, көңіл сергітер шараларға арнайды. Ренжіскен адамдар бір-бірін кешіріп, қонаққа шақырады, өзі қонаққа барады. Жүрген жеріне және қонақтарға жолдық таратады.

 

21 наурыз — Үйлесім күні

Белгісі — текеметтің түрі, үйлесім нышаны. Бұл күні әркім дастархан жайып, ол күні бойы жыйналмайды. Үйде, далада ән-күй толастамайды, айнала толық безенген. Ырыс түніне арнайы Қыдыр атаға арналған дастархан жайылады. Ол «Науан» аталатын үшсөрелі тағам болса да жеткілікті.

 

Науан. Бүгінде әр мерекеге тән өз тағамы бар деуге болады. Сондықтан осы жәйт біраз ойластырылды. Ол тағам «Науан» атты қазақ ұғымына негізделген үш текті дәмнің жимасынан (набор) тұрады: халқымыз «қызыл» деп ет тағамын, «ақ» деп сүттен пісірілген асты, ал «көк» деп көкөніс пен жеміс-жидекті атаған. Соған орай, үш сөрені үш текті дәмге толтыру арқылы ырысты паш ету мақсат болды. Бұл — наурыздық несібе, берекенің тағамдық нышаны; Жер мен Көктің арасын жалғайтын ырыс пен мол берекені паш ету ырымы; наурыздық дастарханға қойылар тағамның бәрін жиыстырып, жүйелеп бір ғана науанға айналдыруға болады. «Науан» сөзі — аса биік; таңғажайып әдемі, жарасымды ұғымдарын береді.

Ресми бұқаралық мерекелеу шаралары

 

Таңғы сағат 10-да Жолтерек (йол) орнату басталады.

12-де рәсім басталып, 14-те көпшілікке арналған Жыл рәсімі аяқталады.

 

 

Түстен кейін Алтыбақан құрылады. Кеш бата Алтыбақан маңында сауық сайран басталады. Алтыбақанға 21 наурыздан кейінгі наурыз айында некелік тіркелуге өтініш білдірген болашақ жас жұбайлар кезекпен жайғасып, Алтыбақан тебеді. Алтыбақан рәсімі сарайда өткізілуі мүмкін. Алтыбақан сайраны күн батқаннан таң атарға дейін жалғасады.

Қыдыр түні. Бұл күні «Қыдыр түні» аталатын түнді қарсы алуға кәрі де, жас та кіріседі. Жастар өз алдына «Бастаңғы» кешіне жиналады: қыздар «Ұйқыашар» асын әзірлеп, жігіттер жағы «Селтеткізер» (сюрприз) дайындайды. Олар таң атқанша сайран құрып, таң ата Бас таңды қарсы алуға көшеге шығады.

Қариялар бұл түні «Белкөтерер» жоралғысымен жиналып, Қыдыр түнін өткізеді: олар қонақжай үйге жайғасып, өткен-кеткенді, бастан кешкендерін еске алысып, таң асырады.

22 наурыз — Бастаңғы

Белгісі — күн. Таң атар кезде Алтыбақаншылар жылдың Бас таңын қарсы алуға шығады.

Таңғы 5:15-те  Бас таңды қарсы алуға арналған арнайы шара басталады. Таң ата жиналған жұрт көше бойлап Наурызшеруге (карнавал) шығады. Бұл — жаңажылдық өмір шеруі.

«Нау мен ырыс» зерттемесінен үзінді

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы