Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Болат Сембиев. Абайды білмейтін жастар өсіп келеді...

Дата: 14 марта 2011 в 02:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Біздің ұрпақ Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін оқып, көңілге тоқып өсті. Мектепте Абай өлеңдеріне, Абай тақырыбына ерекше мән берілетін. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастардың дені Абайды сырттай ғана, орысша айтқанда «заочно» біледі деп нық сеніммен айта аламын. Бұл мақаланы жазуыма себеп, «Қаракөз» газетінің тапсырмасы бойынша Шымқаламыздың Абай атындағы саябағына барып, жастармен тілдесуім себеп болды. Өзін Серік деп таныстырып, ОҚМУ-дың информатика жағында оқитынын жеткізген студенттен Абайдың қандай өлеңдерін білесіз деп сұрағанымызда, күмілжіп, жауап бере алмады. Ақырында: «Менің мамандығыма Абай өлеңдерінің қатысы жоқ» деп құтылды. Оның мына сөзіне қайран қалдым. Абай тағылымы, Абай философиясы, Абай өлеңдері біздің жастар үшін тек мамандығына байланысты керек болғаны ғой? Мәселен, филология факультеттерінің студенттері үшін... Тағы бір бойжеткеннен Абайдың қара сөздерін сұрадым. «Ағай мен орыс мектебін бітірдім, Абайды білем. Жақсы аташка, өлең жазған дейді. Қара сөз дегенді түсінбедім? Сөздің де ақ-қарасы бола ма?» деп сықылықтап күлгені. Бойжеткен рас өтірігін қайдам, өзін Мая деп таныстырған еді. Маяның «өлең жазған дейді» деген немқұрайды сөзі өңменімнен өтіп-ақ кетті.  Менің пайымдауымша, орыс мектептерінде қазақ әдебиеті, оның ішінде Абайтану өте нашар өтілетін болуы керек. Жастар Абайды білмесе, Абай өлеңдерінің ең болмаса, «Айттым сәлем, қаламқас»  әнін көкейінде жаттап өспесе, ондай жастардан Отанын сүйген патриот шығады деп ойламаймын. Ондай жастардан мемлекеттік қызметте жүріп, елін, жерін сүйген азамат шығады деп сене алмаймын.

Тағы бір айтарым, Абай саябағында жын-ойнақтың ордасына айналған кафенің жұмыс істеп тұруы-көңілге кірбің әкеледі. Салық комитеті орналасқан көшенің қарсы бетіндегі кафеге облыс басшыларының әлі жылдар бойы келмей-ақ қойды. Осыдан төрт-бес жыл бұрын заңсыз жекешеленіп кеткен саябақтар мен оның ішіндегі нысандарды мемлекетке қайтару жөнінде елбасмыз Н. Назарбаев өз сөзінде шегелеп айтқан-ды. Алайда, Асқар Мырзахметовке дейін әкім болған Шөкеев біраз «терлеп» баққан. Нәтижесі жаман болмады, саябақтағы «Жастар» тойханасы  суретшілер үйіне айналды. Ал, мына кафеге, атын атап, жарнама жасағым келмей тұр, Асқар Мырзахметовтың тісі батар емес. Тіпті ол туралы сөз қозғалмайды да. Шамасы, қожайынының тірегі мықтылардың мықтысы болса керек.  Сондай-ақ, саябақ тым жұпыны, баяғы кеңес дәуірінен қалған дүңгіршектер, ойын нүктелері... ішінде жүріп жалығып кетесің. Қаладағы «Қиял әлемі» немесе «Кен баба» саябақтарына қараңызшы! Бүгінгі күн талаптарына сай қайта жабдықталған! Небір  ойын-сауық салондары бар. Ал Абай саябағына келген жастар темекі шегіп, ағаштардың арасында серуендегеннен басқа ештеңе көрінбейді. Айтайын дегенім, Абай саябағында Абай ескерткішінен басқа ештеңе жоқ. Аллея шетіне Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен өрнектеп, көк тастарға қашап жазып, әдемілеп орнатып қойса әрі саябаққа көрік берер еді, әрі жастар кетіп бара жатып оқып алар еді деген ұсынысым бар. Саябақта Абай кештері, ақындар мүшәйрасы өтіп тұрса... Қысқасы, Абай саябағы өз атына лайықты болса екен дейміз.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы