Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Смайыл Сейтбеков: «Біздің еліміз ислам мемлекеті емес, зайырлы ел»

Дата: 14 марта 2011 в 04:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

— Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шарифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз-Құранды  үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»-деген. «Иман негіздері» атты еңбегіңізден көзі қарақты оқырманға көп нәрсе табуға болады деп ойлаймын. Тағы қандай құнды кітаптарыңыз бар?

-Ілім алу, сауатты болу-Ислам дінінің ең басты талабы. Себебі, Алла Құранның  алғашқы аяттарын уахи еткенде Жәбірейіл періште Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарға  мына аятты түсірді: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!  Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін үйретті» (Алақ, 1-5 аят). Демек, алғашқы түскен уахи «Оқы» әмірімен басталды. Бұл да Алланың мұсылман пенделерге бұйырған әмірі. Зүмәр сүресінің 9 — аятында «Білетіндер мен білмейтіндер бір бола ма?» деп білімді мен білімсіздің  бір болмайтындығын ескертуде. Құран Кәрімде 670 жерде ілім жайында баян етеді. Ал білім алудың  қаншалықты сауап екендігін Пайғамбарымыздың мына бір хадисінен білеміз:

«Ей, Әбу Зар! Таңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 рәкат нәпіл намаз оқығаннан да қайырлы. Сол секілді таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін 1000 ракағат нәпіл намаз оқудан да хайырлы» (Ибн Мажа, Муқаддима 16). Ілім жолы — жәннәт жолы. Пайғамбарымыздың хадистерінде ілім жайында аз айтылмаған. Тіпті, Пайғамбарымыз сахабаларына ілім алуды өзі бастап үйреткен. Мұсылман үшін ілім алу, білімді болу ғибадатының кемшіліксіз орындалуына жол ашады. Керегінше дұрыс діни біліміміз болмаса, ғибадатымызға нұқсан болып, тіпті кейбір  теріс пиғылды тұлғалардың пайдасы үшін саяси құрбандыққа айналып кетуіміз ғажап емес. Өкінішке орай, білімсіздік мұсылман жамағатын  жік-жікке бөліп, Ислам әлеміне  қара күйе жақтырады. Ілімсіздіктің залалы шаш етектен. «Иман негіздері» атты еңбегімнен бөлек 2002 жылы «Ислам тарихы», 2003 жылы «Ислам әдебі» атты кітаптарым жарық көрген. Әрине,  бұл кітаптарым аз да болса өзгелерге пайдасы тисе деген ниетте қаламға алынған еді. Иншалла алдағы уақытта да діни кітаптар жазу ниетім бар.

— Осы еңбегіңізде адам тағдыры жөнінде жазғандарыңыз мені қатты қызықтырды. Шынымен де адамдар «Жазмыштан озмыш жоқ» деп жылай бермей, ерік-қалауды пайдаланып, құлға лайық құлшылық қылып, дұға тілеп отырса, пенденің ниеті мен іс-әрекетіне байланысты Алла тағала қаласа жамандықты өшіріп, жақсылыққа ғана жол ашып отыруы мүмкін ғой, ә?

— Ислам діні тағдырға сенуді парыз етеді. Бірақ тағдырымда осылай екен деп отыра беруге  қарсы. Орта ғасырда Жәһмия атты ағым  шығып, олар өздерінің барлық і-әрекеттерін  тағдырға сілтеді. Күнәсін де, сауабын да тағдырдан деп сенуді дұрыс санады. Әрине, ол сенің тағдырыңда бар. Алайда Алла біздің тағдырымызға  жазғандықтан біз амал етпейміз, біздің солай амал ететіндігімізді Аллаһ білгендіктен жазып қойған. Пенде өзі әуелі әрекет етуі, дұға етуі керек. Қайшы жағдайда барлық істі тағдырға сілтеу дұрыс емес. Алла сізді жамандыққа итермелемейді, ішімдік ішуге зорламайды. Сіз өзіңіз қалап тұрып жасағандықтан сол қалаған ісіңізге жауап беретін боласыз.

— Жалпы шариғат бойынша әйел адамның орны отбасы-ошақ қасында екені белгілі. Дегенмен, Ислам діні жаңа-жаңа өркендеп келе жатқан біздің мемлекетте қыз-келіншектер де жан-жақты болып, сапалы білім алып, еңбек етсе қоғамның дамуына кері әсер етеді деп ойлайсыз ба, әлде...

-Ислам діні әйел затына жұмыс істеуге болмайды деген тыйым салмайды. Әрине, әйел затына жарасар жұмысты атқаруына болады. Ислам діні ер мен әйелге білім алуды парыз еткендіктен әйел заты да білім алып, тиісті орында өз орнымен жұмыс істесе, қоғамға пайдасы тимесе зияны тимейді. Еркек істейтін жұмысты әйел істесе, онда қоғамға, отбасыға оның кесірі тиері сөзсіз. Мәселен, медицина саласында әйел затын әйел дәрігері қарауы тиіс. Өйткені, ер кісінің әйел тәнін көруі күнә. Әсіресе намаз оқитын әйелдер бұл мәселені өте жақсы біледі.

— Естуімше Оралда діни медреселер ашылыпты. Діни ақпарат көздері ше? Жалпы өңірдегі Ислам дінінің даму деңгейі жөнінде не айтар едіңіз?

— Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің тапсырмасына орай 2008 жылы батыс аймақты қамтитын «Орал медресесі» ашылды. Орал медресесі Орал, Атырау, Ақтау облыстарына қажетті дін мамандарын даярлайтын мемлекеттік лицензиясы бар оқу орын. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Қазіргі таңда 3 курста барлығы 44 шәкірт дәріс алып жатыр.

— Өзіне сегіз жасынан бастап қызмет еткен сахаба Әнес ибн Маликке Пайғамбарымыз бірде былай деп өсиет айтқан екен: «Әй, балам! Құранды оқудан қол үзбе, себебі Құран өлі жүректерді тірілтеді, жамандықтардан, теріс қылықтардан және шектен шығудан сақтайды». Ал бізде әлі дін тану пәнінің де мектеп бағдарламасына енуі даулы мәселеге айналып жүр.

— Біз әуелі мына нәрсені дұрыс түсініп алғанымыз жөн. Біздің еліміз ислам мемлекеті емес, зайырлы ел. Олай болса, мектеп бағдарламасына заң бойынша тек имандылық пәнін енгізе алмаймыз. Иншалла ол күнге де жетерміз. Мектептерімізде түрлі ұлт пен дін өкілдерінің балалары дәріс алуда. Сол себептті заман талабына сай дін сабағын өткізу керек. Дін сабағының дінтану атымен өтілуі орынды. Дінтану пәнін дауға айналдырудың қажеті жоқ. Барлық дамыған елдердің бағдарламасын қарасаңыз дін сабағы өтіледі. Ол қажет. Өйткені бала  аз да болса дін мәселесінен хабары болуы тиіс. Дін — қоғамның ажырамас бөлігі.

— Қазір мұсылмандарымыз іштен де, сырттан да қыспақ көріп жүр. Олар мұны сынақ деп қабылдап, сабырлық етуде. Қияметке қарай Ислам дінін ұстану-қолға шоқ ұстағанмен бірдей болады дейді. Қаншалықты шындық? Астарлап болса да жеткізсеңіз.

— Иә,  расында да мұсылмандар әлемнің қайсы бір жерінде болмасын қазіргі уақытта айыпталып жатады. Ислам айыпталуға емес, мақтауға лайық дін. Екі дүние бақытына жетелейтін хақ дін. Осындай ерекшеліктің арқасында  жыл сайын сан мыңдаған европалықтар  өз еріктерімен Исламды қабылдап жатқаны ақиқат. Осы қарқынмен кете берсе елу жылдан кейін  европаның жартысы мұсылман болып кетуі мүмкін. Ал бұл христиан әлеміне қайдан ұнасын. Шіркеулерге қарасаңыз, барып жатқан адам шамалы, жастар тіпті де бармайды. Әлемдегі  кез келген елдегі мешіттерге қарасақ, жұма, айт күндері мұсылман жамағатының сыймай  және күнделікті бес уақыт намазға келіп, құлшылық жасауы өзгелерді ойландырары анық. Сол себепті өзгелерді Исламнан үрейлендіру үшін терроризмді, экстремизмді т.б. қолдан жасалған түрлі мұсылман ағымдар арқылы қоғам ішінде тіпті, мұсылман жамағатының ішінде алауыздық тудыруда. Сондай қолдан жасалған теріс ағымда жүрген мұсылман бауырларымыз өздерін ең таза мұсылманбыз деп ойлайды. Терең ойланып, келген жағына дұрыстап қараса, артында кім тұрғанын, қандай қателік жасағанын түсінер еді.

Қайсы бір ел болмасын ең әуелі ішкі қауіпсіздікті сақтайды. Ал іріткі салушы ағымдардың кесірі барша мұсылманға тиіп жатады.Әлем жаңалықтарындағы түрлі шектеулер осындай құбылыстардың әсерінен деп ойлаймын. Дегенмен мұсылман адам мұндайда сабыр сақтауы керек. Бұл Құран мен Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өсиеті. Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде қияметтің белгілері жайында көптеген мәселелер айтылған. Сол белгілердің бірі «Қиямет жақындағанда мұсылманның иманы қолына ұстап тұрған шоқ сияқты болады. Тастап жіберсе имансыз, тастамайын десе қолын күйдіретін болады» мағынасында айтылған сөзін кездестіреміз. Сондай хадистің бірінде былай дейді: «Сауапты істер жасауға асығыңдар. Әлбетте,  қараңғы түннің бөлігіндей сынақтар уақыты келеді. Ол кезде адам таңертең иманды болып, кешке жақын иманынан айрылады. Ал кешке жақын иманды болса, онда таңертең имансыз болып өзінің дінін осы дүниенің игілігіне сататын болады» (Муслим риуаяты).

Расында да, ақырзаманның белгілерінен болған иманды болу  қолға шоқ ұстағанмен бірдей. Себебі қоғамды жайлаған әдепсіздік, телеарналарда көрсетілген жалаңаш көріністер, ішімдік, жынойнақ, адамның жан рахатына керекті кештер мен әйелдердің көшелерде жалаңаштануы секілді қоғамды азғындыққа апаратын індеттер әрине мұсылманды да әсерлейді. Солар секілді жүрейін десе, тозақтан қорқады, жүрмейін десе, нәпсісі шіркін шыдатар емес. Сондықтан мұндай жағдайдағы иман қолға ұстаған шоқ секілді болары анық деп ойлаймын.

Мұсылман адам сынақ деп барлық нәрсені сынаққа айналдырмауы тиіс. Сондай-ақ сынақты өзі тілеп алмауы керек. Өз қолымен фитна жасап алып, қыспаққа ұшыраса, бұл сынақ емес, керісінше күнәсінің жазасы. Сынақ-Алланың саған жіберген қиыншылығы. Айталық ауру, қазаға ұшырау, иманды болғаның үшін өзгелердің мазақ етуі секілді. Керісінше, мешітке барып, имамды тыңдамай, қоғамда баршаға ортақ заңға бағынбай қыспақты өзің сұрап алсаң, бұл сынақ болмайды, фитна болады.

— Биыл біз Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық еткелі отырмыз. Жиын көп, пайда жоқ — жұрттың пікірі. Сіз қандай нәтиже күтесіз?

— Менің ойымша жиын көп, пайда жоқ дегенмен келісе алмаймын.  Себебі, жиын кезінде негізгі мәселелер көтеріліп, шешімі де табылып жатады. Ал енді биылғы жылы еліміз Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық етеді. Бұл ұйым әлемдегі 57 елдің басын қосатын екінші ұйым. Сол себепті біздің еліміз мұсылман елі болғандықтан осы ұйымды басқаруы біз үшін пайдасы көп болмаса, зияны жоқ деп сенемін. Күрмеуі шешілмеген мәселелердің шешілуіне ұйытқы болады деген үміттемін. Өйткені, бұл мұсылман әлемінің ортақ мәселесі. Мысалы, 2001 жылғы  АҚШ — тағы терактіден кейін  Елбасымыз мұсылман  басшылардың  ішінен бірінші болып, «Ислам терроризм діні емес» деп, исламды арашалады. Иншалла бұл ұйымға төрағалық  біз үшін, мұсылман әлемі үшін пайдалы болады деп сенемін.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы, ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, «Орал медресесінің» директоры, Түркия республикасындағы «Ұлытау» университетінің шәкірті, «Ислам тарихы» (2002ж), «Ислам әдебі»(2003ж), «Иман негіздері» (2008ж)атты кітаптардың авторы

Сұхбаттасқан Гүлмира Сүйекенова

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы