Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстандық боксшылар Баку турнирінде 3 алтын, 2 күміс жеңіп алды

Дата: 14 марта 2011 в 11:31 Категория: Новости спорта

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат — 9-13 наурыз аралығында Бакуде өткен бокстан «Ұлы Жібек жолы-2011» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар 3 алтын және 2 күміс медальді олжалады.

10 салмақ дәрежесі бойынша өткен доданың ақтық кезеңіне Қазақстан құрамасынан 5 боксшы өте алды. Алғашқы жоғары дәрежелі жүлдені 56 кг салмақта өнер көрсететін Мәди Шолақов қоржынымызға салған болатын. Финалдық кездесуде ол Рагим Наджафовтан айласын асырды. Бұл сыннан кейін шаршы алаңға Ғани Жайлауов пен грузиялық Нике Изория шықты. Жекпе-жек жерлесіміз Ғ. Жайлауовтың жеңісімен аяқталды.

Ал 64 кг салмақ дәрежесінде бокстасатын тағы бір қазақстандық Алмасбек Әлібеков жергілікті боксшы Анар Жафаровтан ұтылды, сөйтіп күміс жүлдені қанағат тұтты.  Үшінші алтын медальды Бақытжан Қожабеков еншіледі. Ол өзінің қарсыласы тағы бір әзірбайжандық Еміл Ахмедовты жеңді. 75 кг дейінгі салмақта Данабек Сужанов ресейлік Дмитрий Биволдан басым түсе алмады. Оның еншісіне күміс медаль бұйырды.  Осылайша, Мырзағали Айтжановтың тәлімгерлерінің қанжығасы 3 алтын және 2 күміс жүлдемен майланды.. Ресей мен Әзірбайжан боксшыларының қорында да 3 алтыннан бар. 49 кг. салмақ дәрежесінде бір алтынды Түркия боксшысы Фархад Пехлеван жеңіп алды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы