Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан ислам әлемі елдерін экономикалық, саяси, мәдени тұрғыда әлеуетті әріптес ретінде қарастырады — К.Мәсімов

Дата: 14 марта 2011 в 11:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ — Қазақстан ислам әлемі елдерін экономикалық, саяси, мәдени тұрғыда әлеуетті әріптес ретінде қарастырады.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстанда Исламдық қор нарығын дамытуға арналған конференцияның қатысушыларына  Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің жолдаған құттықтау хатында осылай айтылған.

Құттықтау хатты Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев оқып берді.

«Аталған конференция исламдық қаржыландыруды дамытудың және инвестициялық мүмкіндіктердің өзекті мәселелерін талқылау үшін іскерлік тұғырнама болатынына сенімдімін»,-делінген К. Мәсімовтің құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ онда исламдық қор нарығын дамыту конференциясы Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету қарсаңында ұйымдастырылуы өте маңызды екені атап өтілген. «Біз өзара түсіністік және ынтымақтастық бойынша өте жақсы қарым-қатынастарды орнаттық. Сондай-ақ, біз, бұл байланыстарды белсенді экономикалық әріптестік тұрғысында нығайта түсуіміз қажет. Ол үшін барлық қажетті алғышарттар мен  жағдайлар бар»,-делінген  құттықтау хатта.

Осы орайда Премьер-Министр ислам елдерінің бизнесмендерін еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларын іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы