Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада Жол қозғалысы жас инспекторларының аудандық слеті өтуде

Дата: 14 марта 2011 в 11:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат -Астанада Жол қозғалысы жас инспекторларының (ЖҚЖИ) аудандық слеті өтіп жатыр. Бұл туралы ІІД Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Екі күнге жалғасатын слет «Жол қозғалысы жас инспекторларының болашағы бар» ұранымен өтіп жатыр.

1973 жылы Целиноград кезінде құрылған ЖҚЖИ қозғалысының мақсаты жұртшылықты жолда жүру ережесімен таныстыру және балалардың жол-көлік апаттарында жарақаттануының алдын алу болып табылады. ЖҚЖИ-дің алғашқы слеті 1974 жылы өтіп, оған қаладағы санаулы командалар қатысты. Ал бүгінде Астанадағы орта білім беретін барлық 65 мектепте сабақты үздік оқитын он баладан жасақталған жеке ЖҚЖИ-лар бар.

Слеттің мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру және осы түйіткілге құзырлы ведомстволар, мекемелер мен қоғамның назарын аудару. Сондай-ақ, қалалық слетке қатысып, одан әрі Алматы қаласында өтетін мемлекетаралық слетте ел намысын қорғайтын үздік командаларды анықтау болып табылады.

Аудандық слетті білім басқармасы, жергілікті атқарушы органдар және басқа да құзырлы заңды тұлғалардың қатысуымен Жол полициясы басқармасы ұйымдастырып, өткізіп отыр.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы