Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2011 жылғы ақпанда Қазақстанда 8,1 млн адам жұмыспен қамтылды

Дата: 14 марта 2011 в 13:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2011 жылғы ақпанда Қазақстанда 8,1 млн адам жұмыспен қамтылды

2011 жылғы ақпанда Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны бағалау бойынша 8,1 млн. адамды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

Агенттіктің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, өткен ақпан айында жұмыспен қамтылғандардың саны 2010 жылдың ақпанынан қарағанда 0,5 пайызға немесе 38,4 мың адамға көп.

Ағымдағы жылдың ақпанында жалдамалы қызметкерлердің саны жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 67,1 пайызын, натқы атқанда 5,4 млн. адамды құрады. Жұмыссыздар саны бағалау бойынша, 493,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды құрады.

Ақпан айының соңындағы жағдай бойынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 51,5 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелді.

Олардың үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құрап отыр (2010 жылғы ақпанда — 0,9 пайыз).

Сондай-ақ Агенттіктен хабарлағандай, аталмыш кезеңде жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады.

Жұмыссыздар саны бағалау бойынша, 493,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды құрады

Айта кетейік, жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) — қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі — толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.

По сообщению сайта Nur.kz