Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бек ДАТҰЛЫ. Ислам эротикасы

Дата: 14 марта 2011 в 13:50

Міне, бүкіл әлемді шулатқан хиджаб мәселесі біздің елімізді де айналып өтпеді. Оның себебі белгілі  Ислам өркениеті үшін әйелдің абыройын жауып жүруі ең басты мәселенің бірі. Ал батыстың өркениетін ашық-шашық киінген, жалаңаш әйел тәнінсіз елестету тіпті де мүмкін емес.

Ал ұзақ уақыт бойы қоғамы Ислам дінінен алшақтап қалған, тәуелсіздігіне енді қолы жеткенде елін түрлі ағымдар мен секталар басып қалған қазақ қалай болу керек? Байқап отырсақ, бұл дау ұзаққа созылатын секілді.
Мына пин-ап дәстүріндегі төмендегі суреттерді салған иран суретшісі (қазір Америкада тұрады) Макан Эмади амерканың мұсылман елдерінде насихаттап жүрген «жаһандануы» іске асқанда әйелдерді осылай елестететінін айтыпты. Біздегі екі жақ болып дауласқан халайық тезірек ортақ тіл таппаса ертең қыздарымыз осы суреттегідей киінетініне сөз жоқ.
Шынын айтқанда, хиджаб киіп қымтану да, етегін ашып, абыройын шашып жүру де қазақ қыздарына тән емес. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қадірлей алмағандықтан осылай екі жақ болып біріміз батыстың сойылын соғып, біріміз арабдың уәжін айтып абдырап отыр емеспіз бе?
Айтпақшы, Макан Эмадидің мына суреттеріне Ислам әлемі еш сын айтпапты. Керісінше Американың Ислам мәдениеті мен өнері қорының ұйымдастыруымен бірнеше рет көрме өтіпті.

 

Makan Emadi
makangallery.com

«Маса» ақпарат

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы