Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елімізде Наурыз мейрамының тойлауы басталды

Дата: 14 марта 2011 в 15:21

Елімізде Наурыз мейрамының тойлауы басталды

Елімізде Наурыз мейрамының тойлауы басталды

14 наурызда Атырау облысында және еліміздің басқа да батыс өңірлерінде дәстүр бойынша Наурыз мейрамын тойлау басталады.

Батыс өңірде бұл күні жұртшылық ауыл-аймақтың ақсақалына, жасы кішілер үлкендерге арнайы барып, амандасып, бір жасымен құттықтайды.

Қойын-қонышын тәттіге толтыратын балалар да бір жасап қалады. Бұл ежелгі дәстүр Қазақстанның батыс өңірінде ғана сақталған.

Кейбір деректер бойынша мұны Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша көрісу (яғни қауышу) күні деп атайды.

Бұл салт қайдан шықса да, иманға, жақсылыққа негізделгені анық.

Бұл рәсім кей жерлерде «амал» деп те атайды. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Ата-баба рухына дұға бағыштайды.

Бұл ежелгі дәстүр Қазақстанның батыс өңірінде ғана сақталған

Кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады.

Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады.

По сообщению сайта Nur.kz