Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астана маңындағы ауылдың мектебінде дау шықты

Дата: 14 марта 2011 в 17:11

Астана маңындағы ауылдың мектебінде дау шықты

Астана маңындағы ауылдың мектебінде дау шықты

Астана маңындағы «Воздвиженка» ауылының мектебінде дау шықты.

7-сынып оқушыларының ата-аналары, балаларымызға қиянат жасалуда деп дабыл қағып отыр. Олар мектеп қабырғасында ұлдарын бәзбіреулер қорқытып-үркітіп, ақша бопсалап жүргенін айтады. Ашынған ата-аналар оқу орнына жиналып, Полицейлерден бұл сорақылыққа тосқауыл қоюды талап етті. Толығырақ Хасен Молдабаевтың репортажында.

Хасен Молдабаев — тілші

«Бұл ауылда балалары мектепте оқитын тұрғындарда тыным жоқ. Олар жеткіншектерінің келешегіне алаңдаулы. Ата-аналардың айтуынша, жоғары сыныпта оқитындар, төменгі класстағы оқушылардын ақша талап етеді екен».

Жәбірленушілер мына жеткіншектер. Олардың айтуынша жоғарғы сынып оқушылары бопсалауды екі-үш ай бұрын бастаған.

Бақытжан Сүлейманов — 7-сынып оқушысы

«Бір сабақтан кейін айтады ақша жинап жіберіңдерші дейді. 100-200 теңге болсын сосын біз жинаймыз соны. Жинамасақ ана жаққа барып ұрады бізді».

Иса Көпжетеров — 7-сынып оқушысы

«Бір екі немесе бір сабақ өткеннен кейін 200-300 сұрайды, тауып бермесек, жетпей қалса кейде кешіреді, кейде ұрады».

Соққыға жығылған жасөспірімдер, көшеге шығып, қыдырудан да қалған. Оқушылар арасындағы келіспеушілікті мұғалімдер кейіннен білген. Ал, ата-аналары бұл туралы ұстаздардан естіпті.

Аубас Үсенова — жәбірленген оқушының анасы

«Мұғалім маған түсіндіріп айтты сіздің балаңызды қорқытып ақша сұрайды екен мектепте. Аптасына 3 рет ақша жинап үлкен класстарға береді екен. Үлкен класстар одан үлкендерге береді екен. Сосын мен заявление жаздым».


Айнаш Хасен — жәбірленген оқушының анасы

«Пахан деп айта ма немене бастықтарын соны тауып тез жазасын алып, соттау керек»

Осы оқиғаға байланысты аудандық ішкі істер бөлімі тексеріс жүргізе бастады. Қазір полицейлер мектепке жиі келетін болған. Жәбір көрген оқушылардан сұрау алынуда.

Ата-аналар келіп жәбірленген оқушылар түсініктемелерін беріп жатыр

Зухра Құсайынова — мектеп директоры

«5-нен бастап 5, 6, 7, 8, 9-ы осы уақытқа дейін күні түні жұмыс жүргізіліп жатыр. Ата-аналар келіп жәбірленген оқушылар түсініктемелерін беріп жатыр».

Бұған дейін мұндай оқиға болмаған

Жанар Ақылова — аудандық кәмелеттік жасқа толмағандар бөлімінің бастығы

«Бізге шағым түсті. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Бұған дейін мұндай оқиға болмаған».

Полицейлердің айтуынша, мектепті апта сайын кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор келіп тексереді. Бірақ оқушылар арасында мұндай оқиғаның болғанын сезбесе керек. Жеткіншектер арасындағы келіспеушілікке, басқа біреулердің қатысы бар ма? жоқ па ? Оны тәртіп сақшыларының тексерісі анықтамақ.

 

По сообщению сайта Nur.kz