Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Егор Кончаловский Астана туралы киномальманах түсіреді

Дата: 14 марта 2011 в 19:10 Категория: Новости культуры

Егор Кончаловский Астана туралы киномальманах түсіреді

Астана жайлы киноальманах түсірілуде «Жүрегім менің — Астана».

Елімізде елорда жайлы киноальманах түсіріп жүрген көрнекті ресейлік кинорежиссер Егор Кончаловскийдің жаңа туындысы осылай аталады.

Новелла жанрында өрбитін кинолентаны режиссер ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайды.

«Антикиллер» және «Антикиллер 2», «Побег» және жақында ғана тұсауы кесілген «Москва, я люблю тебя» киноөнімдерін шығарушы Егор Кончаловский бүгінде уақытының көп бөлігін Ресей емес Қазақстанда көп өткізеді. Режиссер жаңа кинолента жайлы әзірге құпия түрде: Астанадай шаһарда ғажайыптар болып тұрады деп жеткізеді.

Егор Кончаловский, кинорежиссер:

Мен үшін Қазақстан алдымен, туған анам Наталья Орынбасарованың туған жері

– Кинотуындыны толық ашпайын, бірақ ұшақпен Аяз ата ұшып келетін сәттері бар. Бұл да ғажайып оқиға!

Мен тұңғыш рет Қазақстанда 98 жылы болғанмын, әр кез ажары күн санап ашыла түскен астанаға таң қалам, шығармашылыққа да шабыт береді.

Бейресми атауы «Жүрегім менің — Астана» кинолентасын режиссер ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайды.

Жалпы киноальманахты 10 режиссер – оның жетеуі Қазақстанның, үшеуі – Ресейдің шығармашалық тобы түсіруде. Киноеңбек нәзік сезім жайын жырлайды. Ал бас кейіпкер Бека бейнесін астаналық оқушы Мәди Баймурзаев сомдаса, оның анасын ойнау Қарлығаш Мұхаметжановаға жүктелген.

Қарлығаш: «Түсірілім алаңында Егор бізге өз ісінің шебері ғана емес қарапайым, ұқыпты адам ретінде қымбат», — деп бағалайды.

Мен үшін Қазақстан алдымен, туған анам Наталья Орынбасарованың туған жері деп танимын, — дейді режиссердің өзі. Анасы да Астана жайлы кинотуындыға қатысады. Ал мен қазақтың елордасын жас қала деп жақсы көремін, — дейді кіші Кончаловский.

 

По сообщению сайта Nur.kz