Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Талғат Ешенұлы. Апатай Русь, аман бол немесе Ресеймен қоштасу

Дата: 15 марта 2011 в 09:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

(Айдос Сарымға)

 

Тілімді кесіп өзімнің,

Сенің тіліңді тіл еткем.

Қарасын ойып көзімнің,

Көз жасағасың түнектен.

 

Қолы жетер деп арманға.

Қолымды шаптың балтаңмен,

Төрімде жүрдің арбаңдап,

Топас аюдың талтаңымен.

 

Ханымның басын қор қылып,

күлсалғыш еттің қастықтан.

Жерімнің бетін сор қылып,

Елімді қырдың аштықтан.

 

Сұраусыз қалды ерлерім -

Сібірдің ормандарында.

Атаусыз қалды ерлігім -

Мәскеудің қорғандарында.

 

Қорқақ боп өсті ұлдарым,

Үркек боп өсті қыздарым.

Арағыңменен суарып,

«Ағалығыңды» бұлдадың.

 

Қайғымның емін таба алмас,

Қара Жер, Аспан көнермей.

Бұл жаулық, сірә, жоғалмас,

Сен өлмей, я мен өлмей.

 

Азабың тартқам — көнген ем.

Ажалды болғам — өлмегем.

Апатай Русь, аман бол!

Апатай Русь,

ешқашан апатай болып көрмеген!

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы