Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыда «Ильхам» сыйлығымен марапаттау салтанаты болып өтті

Дата: 15 марта 2011 в 09:41 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматыда «Ильхам» сыйлығымен марапаттау салтанаты болып өтті

Алматыда «Ильхам» сыйлығымен марапаттау салтанаты болып өтті. Қазақстан меценаттар клубының құрылтайшылары музыка, әдебиет, ағарту, ғылым мен өнер саласындағы ерекше еңбегі үшін берілетін сыйлықты осымен 10-шы рет тағайындап отыр.

Биыл сыйлыққа ұсынылған 100 адамның 24-і марапатқа ие болды.

«Ильхам», яғни «Шабыт» сыйлығының лауреаттары болып 10 жылда 65 адам атаныпты.

Олардың ішінде Асанәлі Әшімов, Дильназ Ахмадиева, Мұрат Насыров, сондай-ақ, еліміздің дамуына зор үлес қосқан дәрігерлер, оқытушылар, ғалым мен спортшылар бар.

Бұл сыйлық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкерлердің шығармашылық интеллегенциясын қолдауға шақыруына берілген жауап сынды.

Алғашқы жылдары ұйғыр диаспорасының өкілдеріне ғана берілетін, кейінгі жылдары ұлтаралық сыйлыққа айналды.

Биыл «Бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияралық келісімнің нығаюына баға жетпес үлес қосқаны үшін» сыйлығын Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы Рахилям Машурова алды.

Ол міне, 44 жыл болды, сахнада жарқын бейнелер жасап және Тұрар Жүргенов атындағы Өнер академиясында актерлық шеберліктен дәріс беріп келеді. Осы жолы актриса-ұстаздың шәкірті белгілі әнші Роза Рымбаева да лауреат атанды.

Салтанатты шерудің өткізілуі де жеңімпаздардың есімі конвертте жазулы американдық «Оскар» сыйлығын беру мерекесіне ұқсас.

Қазақстандық сыйлықтың бір ерекшелігі — әр аталымның қаржылы бірінші және екінші орындары бар. Ақша ынталандыру ретінде ұсынылса, алтын жалатылған «Ильхам» мерейді арттырары сөзсіз.

По сообщению сайта Nur.kz