Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Президенттіке үміткерлер үгіт-насихаттауды жасғастыруда

Дата: 15 марта 2011 в 11:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Президенттіке үміткерлер үгіт-насихаттауды жасғастыруда

Ғани Қасымов елмен жүздесіп, бағдарламаларын түгендеп айтты.

Президент сайлауына үш аптадай уақыт қалды. Ал үміткерлердің үгіт-насихаты қыза түсуде. Осы демалыс күндерін президенттікке кандидаттар тиімді пайдаланып қалуға барынша тырысты, елмен жүздесті, бағдарламаларын түгендеп айтты.

Үміткер болу оңай деп пе ең, қарағым? Бесіктегі баланың көңілін аулап, еңбектегеніне емеурін білдіріп, еңкейгенді сүйей жүру керек.

Ара тұра маңызды телефон қоңырауларын қоя салуға да тура келеді.

Ғани Қасымов президент тағына тұңғыш рет таласып отырған жоқ.

Бұл соқпақты бір кісідей біледі. Сондықтан болар, сенбі күні ширақ қимылдап, көпқабатты тұрғын үйдің қарапайым халқымен дидарласты.

Ғани Қасымов, ҚР президенттігіне үміткер: — Барлығы үкіметтегідей ойламайды, барлығы үкімет мүшелеріндей өмір сүрмейді. Біз қарапайым халықтың жағдайына үңілуіміз керек.

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығында істелген шаруаларды ашық түрде көрсетуіміз керек.

Ғалия Әбенова, Алматы қаласының тұрғыны: — Қазақстанның тұрғындары бұл кісіні қолдайды. Барлығын сайлауға белсенді қатысып, бұл кісіге дауыс беруге шақырамыз. Бұл кісіге тек табысты жұмыс тілейміз.

Алматыдағы Жібек жолы көшесінің бойына демалуға шыққан елмен дидарласты. Суретшілердің өнеріне баға берді. Саясаткерді көрген кейбірі тіптен лезде оның портретін салып,сыйлап жатты. Ыстық ықыластан толқып кеткен ол, тақталасқа түсетін қанша қарсыласы барын да шатыстырып алды.

Әзірге Ғани Қасымовтың да қарқыны тәуір.

Елеусізов Алматы тұрғындарымен жүздесіп, ШҚО-на аттанып кетті.

Президенттікке тағы бір үміткер Мэлс Елеусізов те Алматы қаласының тұрғындарымен жүздесті.

Бостандық ауданының жұрты табиғат жанашырын жекеменшік пәтер иелері кооперативтерінің сын көтермейтін жұмысына қатысты шағым айтып шақырған болатын.

Осылайша демалыс күндері де тыным таппаған үміткер мұнымен де шектелмей, Шығыс Қазақстанға аттанып кетті.

Әйткенмен өздері шақырған тұрғындар бірден төбе көрсетпеді. Елеусізов оларды дауыс күшейткішпен өзі жинауға мәжбүр болды. Ал бас қосқандардың барлығының базынасы — біреу.

Күтімі жоқ үй қираудың аз-ақ алдында тұр. Шұрық тесік шатыр, сасық суға толы жертөле. Оны қадағалауы тиіс пәтер иелерінің кооперативі мүлдем жұмыс атқармайтын көрінеді. Тіпті жалға берілген жартылай жертөлелерден түскен қаржының да қайда жұтылып жатқаны беймәлім.

Үміткер Елеусізов мұндай бассыздықты толық реттеу үшін «арнайы заң қабылдау қажет» дейді.

Ахметбеков базарлардағы баға саясатын саралап көрді.

Коммунист кандидат Жамбыл Ахметбеков Астанадағы азық-түлік базарларын аралап, баға саясатын саралап көрді. Көргеніне көңілі толмады. Сондықтан да ең бірінші кезекте шарықтап кеткен тауарлардың құнын төмендетуге күш салатынын мәлімдеді.

Көпшілікпен тілдескен үміткерді күн санап өсіп отырған баға мен базарларда еңбек етіп жүрген азаматтардың жағдайы толғандырды.

Жамбыл Ахметбеков сауда орындарында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға заңдық негізде мәртебе берілуі қажет деп есептейді. Себебі, бұл азаматтар қаншама жылдан бері бір орында жұмыс істесе де, олардың еңбек кітапшалары жоқ.

Сондықтан бұларға еңбек демалысына шығуға, емделуіне мүмкіндік қарастырылмаған. Солай бола тұра, бұл салада жан бағып жүргендер мемлекетке салық төлеп отыр.

«Демек, олардың да құқықтары лайықты түрде қорғалуы керек», — дейді Ахметбеков.

По сообщению сайта Nur.kz