Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еліміздің делегациясы халықаралық туристік көрмеге қатысты

Дата: 15 марта 2011 в 11:41 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еліміздің делегациясы халықаралық туристік көрмеге қатысты

Қазақстан делегациясы 9-13 наурыз аралығында дәстүрлі халықаралық «ITB Berlin 2011» туристік көрмесіне қатысты, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

«Messedamm Berlin» көрме кешенінде өткен форумға әлемнің 188 елінің өкілдері қатысты.

Биржа жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының стенді, өткен жылдағыдай, «Азия/Австралия/Океания» санатында бірінші орын алды.

Ал екінші орынды — Корея, үшінші орынды Моңғолия иеленді.

Форум аясында ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының елшілігімен бірлесіп, қазақстандық стендтің таныстырылымын өткізді.

Бұл шараға Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаи мен «Messe Berlin» көрме кешенінің басқарма төрағасы Раймунд Хош қатысты.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген елші Нұрлан Онжанов, біздің еліміздің заманауи туристік мүмкіндіктері мен перспективалық жобалары туралы әңгімелеп берді.

Ал германиялық «Compass» компаниясы Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, Кёльн қаласында Қазақстанның туристік бюросының және оның интернет-парақшасының — www.kasachstan-tourismus.de — таныстырылымын өткізді.

Бұл бюро бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, интернеттегі неміс тілді аудиторияға Қазақстанның туристік брендін таныстыру мәселелерімен айналысатын болады.

 

По сообщению сайта Nur.kz