Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Өскеменде жол полициясының екі қызметкері сотталды

Дата: 15 марта 2011 в 12:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Өскеменде жол полициясының екі қызметкері сотталды

Өскеменде жол полициясының екі қызметкері сотталды. Көлік жүргізушісін «соққыға жықты» деп айыпталған жол сақшылары 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

23 жастағы Ринат Бекенбаевтың айтуынша, жол полициясының қызметкерлері Арман Кешілбаев пен Бақдәулет Қадыров оның көлігін тоқтатып, жүргізу куәлігі жоқ екенін анықтаған соң, хаттама толтырмақшы болған.

Оған қарсы болған Ринатты тәртіп сақшылары соққыға жығыпты.

Бұл істі қараған сот оларды күш көрсеткендері үшін айыпты деп тауып, 2 жылға бас бостандықтарынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Сондай-ақ олардың мүліктері де тәркіленбек.

Алайда зардап шегуші Ринат Бекенбаев «оларға тым жұмсақ жаза берілді» деп сот шешіміне көңілі толмай отыр.

Ал жол сақшылары болса, жоғарғы органдарға шағымданбақшы.

Бақдаулет Қадыров, сотталған азамат:

— Өмір бақи, қанша өмір сүрдім, сонда бір адам баласына қастандық жасаған емеспін, өйткені оған ұятым апармайды.Мен енді жазамын, бұдан үлкен органдарға жазамын.

По сообщению сайта Nur.kz