Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Наурыз мейрамы қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді — ІІД

Дата: 15 марта 2011 в 13:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат —  Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінде болған бүгінгі баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Құқық бұзушылықты болдырмау мен қаладағы тәртіпті нығайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан шара 14-18 наурыз аралығын қамтымақ.

Сонымен қатар із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді ұстау, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеу мен кеден заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша ТМД елдері құқық қорғау органдарымен бірлескен «Іздестіру» шарасы да жүргізіліп жатыр.

ІІД мәліметтеріне сәйкес, алғашқы күннің қорытындылары бойынша ІІО-да есепте тұрған 542 азамат тексеріліп, 1153 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, қаңғыбастыққа салынған 51 адам ұсталған. ҚР шекарасында заңсыз жүрген 4 шет ел азаматы сыртқа шығарылған.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы