Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Атыс қаруымен шабуыл жасаған қылмыскер қолға түсті

Дата: 15 марта 2011 в 13:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат. /Айнұр Кенебаева/ —  Астана қаласының тәртіп сақшылары  атыс қаруымен шабуыл жасап, жәбірленуші азаматтың өліміне себеп болған қылмыскерді қолға түсірді.

Бұл туралы бүгін Астана қаласы ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

ІІД мәліметтеріне сәйкес, қылмыскер «Опель» маркалы автокөлік жүргізушісін «Субару» маркалы автокөлігімен жол жиегіне ығыстыра мәжбүрлеп тоқтатып, 3 рет оқ атып, жәбірленушіні жарақтаттаған және қылмыстық оқиға үстінен із жасырып кеткен.

Оқиға Республика даңғылындағы «Шамбала» дәмханасы аумағында 2010 жылдың 3 қыркүйегінде түнгі сағат екі шамасында орын алған.

«Атыс қаруынан болған бауырдың зақымдану жарақатымен және қолына оқ тиген, екінші дәрежелі геморрагиялық естен тану» диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген 1984 жылғы азамат ауыр жарақат салдарынан ес жимастан қайтыс болған.

ІІД Тергеу басқармасы қызметкерлерінің іздестіру шаралары нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотталған аталмыш қылмысқа жауапты 33 жасар азамат ұсталды. Тексеріс барысында күдіктіден «ТТ» маркалы әскери тапанша мен 9 оғы бар оқшантай тәркіленді.

Қылмыскердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы 1-бөлімі, 251-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, азамат тергеу изоляторына тоғытылды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы