Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азаматтардың коммуналдық төлемдері жалпы отбасы табысының 10 пайызынан аспауы тиіс — Ж.Ахметбеков

Дата: 15 марта 2011 в 13:31

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ — Азаматтардың коммуналдық төлемдерге төлейтін ең жоғарғы шығындарының көлемі жалпы отбасы табысының 10 пайызынан аспауы тиіс.

Бүгін елордада баспасөз мәлсихатын өткізген ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков осылай мәлім етті.

Ол өзінің сайлау алды тұғырнамасына сәйкес тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласының тарифтері мен бағаларын азайтуды ұсынатындығын айта келіп: «Азаматтардың коммуналдық төлемдерге төлейтін максималды шығындарының көлемі жалпы отбасы табысының 10 пайызынан аспауы тиістігі мемлекеттік деңгейде заңмен бекітілуі қажет», — деді.

Оның пікірінше, мемлекетке коммуналдық төлемдерден түскен қаржы үйлер мен коммуналдық жүйелерді жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалуы тиіс.

«Біз халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге және коммуналдық шаруашылықтың инженерлік жүйесінің жағдайын жаңғыртуда мемлекеттің жауапкершілігін қалпына келтіруді ұсынамыз», — деді Президенттікке кандидат.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы