Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елордалық сақшылар ұрлық жасаған 3 азаматты ұстады

Дата: 15 марта 2011 в 13:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат —  Астана қаласының тәртіп сақшылары  үй тонау оқиғасы бойынша 14 наурызда келіп түскен қала тұрғынының арызы негізінде  жедел іздестіру шараларын жүргізіп, жәбірленушіге қомақты материалдық шығын келтірген ұрлықшыларды ұстады.

Бұл туралы бүгін Астана қаласы ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Тұрғын үй тонау оқиғасы Астана қаласының сол жағалауында орын алған.

Тергеу амалдары барысында анықталғандай, пәтер иесінің құны 250 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдары және техникалық заттары қолды болған.

«Құқықтық тәртіп» жедел іздестіру және қылмыстың алдын алу шарасы барысында жүргізіліп жатқан шұғыл із кесу амалдары нәтижесінде елордалық сақшылар аталмыш қылмысқа жауапты 3 азаматты қолға түсіріп, ұрланған заттарды тәркіледі.

Із жасырмақ болған қылмыскерлер  Қорғалжын постында қолға түскен.

Қазіргі таңда қолға түскен азаматтардың бірінің бұрын сотталғандығы, ал қалған екі азаматтың Астанаға уақытша тұруға келген ағайынды Екібастұз тумалары екендігі анықталды.

Тексеріс барысында күдіктілердің ағымдығы жылдың 26 ақпанында болған өзге бір қылмыстық іске де қатысы бар екендігі белгілі болды.

Күдіктілер үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы