Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Абылай Мауданов. «Әулие» іздеп әуре деседі

Дата: 15 марта 2011 в 13:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Сыбайластықты сылып тастау департаментіне» қарасты «Ұсақ жемқорларды іріктеу» басқармасының «Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің»  «Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен» айналысатын саласының бас маманының орынбасары Адал Жүрекұлы Байғұсов бір-ақ күнде елді алатайдай бүлдіріп әбігерге салып қойды. Әп-әдемі абыройы бар басшыларды әуреге салған «әдірем қалмағыр» идея Адал Жүрекұлының қауға басына қаңғалақтап аяқ астынан орала кеткен еді.

Департаменттің акт залындағы кезекті жиналыстың бірі-тұғын. Құзырлы орындардан келген ресми өкілдер ресми тілдегі баяндамаларын аяқтап болысымен, салыстырулар басталды. Статистикаға сүйене сөйлеген әлдебір «жағалының» мәліметіне сенсек, сыбайластық, әсіресе, құрылысшылардың арасында өршіп тұр екен.

— «Құрғақ қасық ауыз жыртады» деген ғой, мәліметім мәнсіз болмас үшін мына бір деректерді келтіре кетейін, — деп сөз сабақтады баяндамашы. — Өткен жылдың алғашқы тоғыз айында құрылыс обьектісіне қажетті заттарды заңсыз жолмен сату ісіне қатысты 137 факті тіркелді. Атап айтқанда, аталған нысандардағы күзетшілер сынық кірпіштердің қапшығын көршілеріне бір-бір шиша араққа сатып отырған. Сондай-ақ бір шелек (он кг) әкті жымқырмақ болған әйелдің де қылмысы оқиға орнында әшкереленді. Мекеменің еден жууға пайдаланатын материалын жеке басының кәдесіне жаратпақ болған зейнеткердің арам пиғылы жүзе аспады. Мұның бәрі біздің сыбайластықпен күресте сырт қалмай, пәрменді де дәрменді іс жүргізіп жатқанымызды айғақтайды. Қысқасы, біздің ұжым жемқорлыққа қатысты істерді ашуды өткен жылмен салыстырғанда 187 процентке арттырды, — деп арындаған ресми өкіл қызара бөртіп мінбеден түсіп келе жатқанда, оның босап қалған орнына әлдекім жылдам иелене қойды.

— Біз де қалыспақ емеспіз, — деді ол. — Біреудің мүлкіне көз аларту, сол арқылы қоғамға өлшеусіз зиян келтіру керек десеңіз, мектеп оқушылары мен ұстаздарының арасында да етек алып барады. Биылғы оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушы Б-ның партада ұмыт қалдырған «Алгебра» оқулығын осы пәннің мұғалімі Ғ. екі тоқсан бойы рұқсатсыз пайдаланған. Анықтай келгенде «Алгебра» кітабы оқушы Б.-ның  1789 теңгеге сатып алған жеке мүлкі екеніне көз жеткіздік...

...Міне, қорытындылай келсек, біздің агенттік те жемқорлықпен күресті 170 пайызға арттырып отыр, — дей бергенде жұрт ду қол шапалақтап жіберді де, әлгінің қай өкілетті органның атынан өкіректегені естілмей қалды.

Не керек, салыстырулар қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айында тоқсан сегіз адам сотталыпты. Барлық құзырлы органдар жоспарды артығымен орындағанда, «Сыбайластықты сылып тастау департаменті» сылбырлық танытқан. Тікелей өзіне қарата айтылған сын департамент басшысына өте ауыр тиді. Департамент басшысы бақырайып басқарма басшысына, басқарма бастығы бұғағы салбыраған бөлім бастығына, бөлім бастығы бұғып отырған бас маманға, бас маман сала жетекшісі — жас маман Адал Жүрекұлына иек қақты. Келесі сәтте Адал Байғұсов безек қағып мінбеге өрмелеп бара жатты.

— Ау, ағайындар... Кешіріңіздер, қымбатты жемқорлықтың алдын алушылар! Сіздер айтқан сын дұрыс емес, біз мұнымен өте-мөте келіспейміз... Өздеріңіз білесіздер, мен «Сыбайластықты сылып тастау департаментінің» «Ұсақ жемқорларды іріктеу» басқармасының «Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің»  «Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен» айналысатын саласы бас маманының орынбасарымын. Өздеріңіз айтқандай, парақорлық өршіп тұр. Бірақ ұлттық валютамен пара берушілердің арасында емес, құрылысшы, мектеп оқушыларының арасында... тағы сондай басқа жолмен не істейтін нелердің, ия, сондай-сондай ордалы жыландардың ортасында көбейген.

Құрылысшылар арасында келеңсіздік белең алса, тендерді ұтып алған мердігерлерден күдікті нысандардағы бақылауды күшейтуді талап ету қажет. Мүмкін, ол үшін тағы бір жиналыс өткізерміз. Бұл бөлек тақырып болуға тиісті.

Егер мектеп мұғалімдері теріс мінезге бой үйретсе, ол үшін білім департаменті басшыларына қатынас қағаздарын жолдау қажет, — деп «көсіліп» берген Адал Жүрекұлы департамент атына айтылған сынды «аршып» алғасын, тіпті төгіле жөнелді.

— Құрметті жемқорлықпен күресушілер! Біз пәрменді күрес ашқалы көптеген алаяқтар қолға түсті, бірақ сыбайластықты сылып тастай алмай отырмыз. Егер кірпіштер сатылып жатса, тұрғын үйдің сапасы әлсірейді. Болашақ үшін қалап жатқан зәулім сарайларымыз іргетасынан бастап бұзылса, келешекте оның қирап қалмасына кім кепіл?! Оқушының кітабын пайдаланған ұстаз бен оқулығын іздемеген шәкірттен нендей болашақ күтуге болады?! Қысқасы, жемқорлықты тыю үшін жазалау жеткіліксіз. Бізге үлгі керек, үлгі! Бірақ кімді үлгі тұтамыз?! Міне, мәселе! Біз бүгіннен бастап әр департаменттен жемқор іздегенше, «әулиелерді» іздейік. Мысалы, параны көрсе, іріңі сыздаған жараны көргендей жиіркенетін адал басшыларды, бір де бір туысқанын қарамағына алмаған бөлім бастықтарын табуға тырасайық. Керек десеңіз, «Әділ Жүрек» қауымдастығын құрайық, Ассамблеяға соның мүшелерін тартайық! Олардың суреттерін көшелерге ілейік, кеңсе алдында ескерткіштерін қоялық. Міне, осындай шара ғана бізді тығырақтан шығара алады! — дегенде жұрт ду қол шапалақтап жіберді. Сол жиналыстан соң көп ұзамай қауымдастық құрылып, қаулы қабылданып, шешімі жария етіліпті. Даурыға қол қойып, жабыла қолдаған қаулының мәтіні төмендегідей екен:

Облыстағы мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік ұйымдар, қауіпсіздік қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық институттар, қарапайым ЖШС жұмысшылары (малшылар, сауыншылар, механизаторлар) мен зиялы қауым өкілдерінен (ақын, жазушы, суретші, тарихшы, әнші, күйші, биші т.с.с) біріккен «Әділ Жүрек» қауымдастығы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Ресми түрде АДАЛ АДАМ, ауыз екі тілдегі «әулиелерді» іздеу акциясы күрт басталып та кеткенге ұқсайды. Қазір барлық жер «әулие» іздеп әуре деседі. Десекте, адал адамдардың тапшылығынан жұмыс шабан жүріп жатырған көрінеді. Әзірге қоғамдық орындарда өткен сайлауда өтпей қалған һәм өтіп кеткен депутаттардың суретінен өзге «бейтаныс» бейнелер көзге ұшырамайтындығы, басшылықтар неше жерден әбігерге түскенмен, науқанның әлі де сылбыр жүріп жатқанын дәлелдесе керек.

(Айтпақшы, «сылбырдың аты шылбырға сүрінеді» деген емес пе, АДАЛ АДАМДЫҚТАН үміткер бірнеше қызметкер «шылбырға сүрініп», үстерінен іс қозғалыпты-мыс...)

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы