Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған күнтізбе шықты

Дата: 15 марта 2011 в 14:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған күнтізбе шықты

Оны Алматы облысы Райымбек ауданында тұратын қарт журналист Дәулетхан Ахметбайұлы құрастырып, жасап шығыпты.

Ал күнтізбені баспаға дайындауға қатысып, оған демеушілік жасаған баласы Берік Желдікбаев қазіргі күндері «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда аумағы бөлімінде басшылық жұмыс жасап жүр.

Біздің агенттік тілшісі арнайы барып жолыққанда, Берік Дәулетханұлы аталмыш күнтізбенің шығу тарихы жөнінде әңгімелеп беріп еді.

— «Мұқағали Мақатаев — 80 жыл» деп аталатын бұл күнтізбе қазіргі кездің өзінде Қазақстанда — қазақ, Италияда -итальян, Әзірбайжанда әзірбайжан тілдерінде шығып үлгерді, — деді Берік Желдікбаев.

— Қазір ол Пиреней және Апшерон түбектеріндегі елдерде халыққа толық тарап бітсе, біздің елімізде тұтынушы қолына енді тиіп жатыр.

Ал күнтізбенің шығу идеясына келсек, қазақтың қабырғалы ақыны, үлкен ойлы азамат Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуы қарсаңында маған осы айтулы дата мен қаламгердің өміріне арналған осындай дүние жасап шығаруды өзімнің әкеме айттым.

Себебі, менің өзім құрылыс жұмысында жүргендіктен, қолымның тие бермейтінін жақсы ұқтым. Менің ойымды әкем бірден іліп әкетті. Ол кісі кезінде Нарынқол ауданында шығып тұрған бұрынғы «Советтік шекара», қазіргі «Хантәңірі» газетінде редактор болған журналист адам. Оның үстіне Мұқағали ақынның жиені болып келеді.

Бәріміз сол Мұқағали туған Қарасаз ауылында туып-өскенбіз. Бұл жұмысқа суретші-дизайнерлерді де қостық. Нәтижесінде қолжазбаны тез даярлап, 15 күннің ішінде баспадан басып шығарттық. Сол жұмыстардың бәрінің басы-қасында өзім жүрдім. Себебі, осылай болмаса, қолға алған тірліктің ойдағыдай бола қоятынына сенбедім. Ақыры күнтізбенің сүйінші данасы да қолға тиді.

Жол құрылысында істеп жатқан итальяндық «Тодини», «Импреза», «Салини» және Әзірбайжанның «Азеркорпу» компанияларының басшылары күнтізбені қатты ұнатты

Оны өзіммен бірге жол құрылысында істеп жатқан итальяндық «Тодини», «Импреза», «Салини» және Әзірбайжанның «Азеркорпу» компанияларының басшылары күнтізбені қатты ұнатты да, оны өз тілдеріне аударып, бастырып шығаруға құштар болды.

Бұл жұмыс та тез орындалды. Сөйтіп, аталмыш компаниялар өздері демеушілік жасап, күнтізбені өз елдерінде шығарып үлгерді. Қазіргі күндері оны Қытайда, Түркияда, Англияда және Оңтүстік Кореяда сол елдердің тілдерінде шығару жұмыстары қолға алынып жатыр. Мұнда да сол елдердің өкілдері өздері ықылас танытып, осы іске ел шеше кірісті. Демек, Мұқағали ақынды бұл елдерде кеңінен танытудың орайы келіп жатыр. Мен осыған қуаныштымын.

Енді бұл қабырғалық күнтізбенің мазмұнына келсем, ол негізінен Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, белгілі суретші Жұмақын Қайрамбаевтың кескіндеме репродукцияларымен безендірілді.

Күнтізбенің бас жағын осы қылқалам шеберінің «Қайнарда», «Хантәңірі», «Немере», «Жібек жолы», «Кемпірқосақ», «Сейіл» деген сияқты жиырмашақты картинасы көмкеріп тұр.

Ал соңында Әбділда Тәжібаев бастаған, Шерхан Мұртаза, Тұманбай Молдағалиев, Зейнолла Серікқалиев, Фариза Оңғарсынова, Мырзатай Жолдасбеков, Баққожа Мұқаи, Нұрлан Оразалин, Жәнібек Кәрменов қостаған қазақтың бір топ ақын-жазушыларының Мұқаң жөніндегі лебіздері теріп берілген.

Аллаһ жазса, жақын аралықта күнтізбе қалың оқырманның қолына тиеді деп есептеймін.

По сообщению сайта Nur.kz