Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Үкімет азық-түліктің бағасын бекітеді

Дата: 15 марта 2011 в 16:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Үкімет азық-түліктің бағасын бекітеді

Үкімет азық-түліктің бағасын бекітеді

Қазіргі уақытта қымбаттап бара жатқан азық-түлік бағасы қалың жұртшылықтты алаңдатып отырғаны белгілі.

Алайда бұл орайда тиісті орындар босқа отырған жоқ.

Жер-жерлерде қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Әрине ең алдымен үкімет тарапынан үлкен бақылау қажет.

Бұл орайда, жұртшылықтың көңілі толатындай әрекеттер бар.

Қазақстан үкіметі таяуда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының шекті деңгейін белгілейтін болды.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің хабарлауынша, «биылғы жылдың екінші тоқсанында үкіметке әлеуметтік азық-түлік тауарларының бөлшек бағасының шекті мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныс беріледі» — делінген хабарламада.

Әлеуметтік азық-түлік тауарларының бөлшек бағасының шекті мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныс беріледі

Бұрын хабарланғанындай, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Бұл құжат сауда қызметін реттеу жүйесін жетілдіруге, елдің сыртқы сауда қызметіндегі экономикалық мүддесін қорғау, сыртқы рынокқа отандық тауарлардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл туралы кеше мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

По сообщению сайта Nur.kz