Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қаракөл тұрғындары барымташыларға іздеу жариялады

Дата: 15 марта 2011 в 17:02

Қаракөл тұрғындары барымташыларға іздеу жариялады

Павлодар облысы Қаракөл ауылының тұрғындары барымташыларға өз беттерінше іздеу жариялады. Малынан айрылған жұрт «бұдан басқа амалымыз жоқ» дейді.

Олардың айтуынша, ауданда қазір мал ұрлығымен айналысатын бірнеше қылмыстық топ бар. Олар соңғы екі апта ішінде ғана 50-ден астам жылқыны айдап әкеткен. «Ал жергілікті полиция бұған көз жұма қарап отыр» — дейді қаракөлдіктер.

Айдың күннің аманында малынан айырылған жұрт бүгін облыс орталығына ат басын бұрды. Айтуларынша, өткен аптада Қаракөл ауылы маңында жайылып жүрген бір үйір жылқыны белгісіз біреулер жүк көлігіне тиеп әкеткен.

Осы уақытқа дейін әрекет етпеген ішкі істер органдары мен ұрылардың «ым-жымы бір» деп санайды олар.

Николай Бекенов, Қаракөл ауылының тұрғыны:

— Жыл сайын мал ұрлап әкетеді. Не деген сұмдық бұл, біреуін болса да ұстауға болады ғой! Біздің көршінің сиырын ұрлап әкетті. Артынан келіп айтты: «іс жабылды» деп, қолын қойдыртып кетіпті. Ылғи осылай, істі жылы жауып құтылады.

Қаракөл ауылының тұрғындары мұндай жағдайлар соңғы «бір-екі жылда үдеп кетті» дейді.

Таяуда ғана қару асынған қарақшылар өрісте жайылып жатқан 30 малды қолды қылған. Ал тәртіп сақшылары әзірге жорамал ғана құрып отыр.

Рахметолла Ғаббасов, Павлодар ауданының ІІБ бастығы:

— Енді ойлап отырмыз, Камазбен тиесе, қайда барады? Ресейге немесе Шарбақты, Қашыр, и Успенка аудандарына апарып қояды. Себебі қазір мезгілсіз уақыт қой, соғымның уақыты емес, солай емес пе?

Ал шенеуніктер малдың басы-қасында болған бақташыны кінәлап отыр.

Малынан айырылған қаракөлдіктер енді кімнен көмек күтерін білмей отыр

Төлеген Бәстенов, Павлодар ауданының әкімі:

— Сендерге сол жердің тұрғындары ақшасын беріп бақтырады. Енді соларды түгендейтін — сіздер. Ал сендер біреулерін тапсырасыздар, екіншісі ұйықтауға кетіп қаласыздар. Бұл жарамайды ғой!

Малынан айырылған қаракөлдіктер енді кімнен көмек күтерін білмей отыр. Себебі соңғы бір екі жылда аталмыш ауданда мал ұрлау деректері көбейген. Алайда ұры-қарылар әлі күнге дейін табылған жоқ.

По сообщению сайта Nur.kz