Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жапонияда зілзала салдары техногендік апатқа ұласуы мүмкін

Дата: 15 марта 2011 в 19:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жапонияда зілзала салдары техногендік апатқа ұласуы мүмкін

Жапониядағы зілзаланың салдары техногендік апатқа әкеп соғуы мүмкін.

Өткен түні Фукусима-1 атом электр станциясында тағы да жарылыс болып, соңы алапат өртке ұласты.

Жапония премьер-министрі Наото Кан АЭС маңында тұрып жатқан халыққа дереу көшу қажетін ескертті.

Наото Кан — Жапония премьер-министрі

«Үшінші реакторда болған сутегі жарылысынан кейін, төртінші реакторды өрт жалмады. Сыртқа шығып жатқан радиация мөлшері адам үшін өте қауіпті. Сондықтан станциядан 20 шақырым жердегі тұрғындардың барлығын көшіріп жатырмыз. Ал қалғандары есік-терезелері жабық ғимараттардан шықтапағаны жөн».

Қазіргі таңда қауіпті аймақтан 180 мың адам көшірілді.

Себебі жер сілкінісінен кейін құрылысына зақым келген станцияның 4 реакторы қауіп төндіріп тұр. Дегенмен мамандар атом жарылысы болмауы тиіс дейді. Станцияның өзінде әлі адамдар жұмыс істеп жатыр.

Аймақта радиация мөлшері сағатына 400 мың микрозивертті көрсетіп тұр. Бұл тиісті деңгейден 4 есе артық.

Соңғы ақпарат бойынша осыдан 4 күн бұрын болған зілзала мен цунамиден Жапонияда 2400 адам қаза тапты. Бұл ресми көрсеткіштер.

Мамандар апаттан опат болғандар саны 10 мыңнан асады деп болжап отыр.

По сообщению сайта Nur.kz