Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Астана Тазалық» тасқынның алдын алуда

Дата: 16 марта 2011 в 10:10

«Астана Тазалық» тасқынның алдын алуда

Астанада су тасқынына қарсы шаралар барысында бір ғана «Астана Тазалық» ЖШС 1 307 012 текше метр қар шығарды.

«Бұл жаман емес көрсеткіш, мысалы, 2009 жылы маусым бойы 1 200 000 текше метр, ал 2010 жылы 1 700 000 текше метр қар шығарылған болатын. Биылғы қыста қар көлемі өткен жылғымен шамалас болуы тиіс деп күтілуде», — дейді «Астана Тазалық» ЖШС директоры Ермек Оспанов.

«Біз өткен жылдардағы тәжірибені ескеріп, соңғы екі жылда бір күндік пе, әлде бір айлық жауын-шашын мөлшері түсті ме, оған қарамастан әр жауған қардан кейін тазалап отырмыз. Қыс бойы біздің кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істеуде, 317 бірлік арнайы техника максималды қолданылып келді. Осы шаралар көктемгі су тасқыны кезінде Астанадағы жалпы жағдайға оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз», — деп хабарлады Е.Оспанов.

Сонымен қатар, биылғы жылы компания тұрғын үйлердің аулаларына кіру есебінен жыл сайын тазалайтын аумақты ұлғайтты. Әрине, егер ол аймаққа кіру мүмкіндігі бар болса ғана.

Астана әкімдігі жанында қаланың әр ауданында тасқын суды жіберуді ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылды, жүзеге асыруына қаланың барлық коммуналдық қызметтері тартылған сәйкесінше іс-шаралар жоспары әзірленді деп атап өтті Е.Оспанов.

Қыс бойы біздің кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істеуде

«Астана Тазалық» ЖШС алдына қойылған мақсаттарды орындау үшін су тасқынына қарсы комиссия құрып, өз бригадаларының тәулік бойы күзет ұйымдастыруын қамтамасыз етті, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда хабарлау схемасын дайындады.

Көшелер мен тұрғын кварталдарды су басып кету қаупінің алдын алу мақсатында қарды жинап, тысқа шығарудан өзге, су бұрғыш каналдары мен науаларды тазалау жұмыстарын жүргізуде. 15 наурыздағы жағдай бойынша 32 423 метр осындай жүйе тазартылды. Жалпы ұзындығы 160 м.п. су бұрғыш құбыры буландырудан өтті, 660 жаңбыр суын қабылдайтын тор ашылды.

Бүгінгі таңда барлық үш тазалау құрылғысы мен 18 сорғы стансасы тексерілді. Олардың барлығы жұмыс қалпында.

Өткен жылдардағы тасқын мен проблемаларды ескере отырып, компания су басқан жерлерге төсеу үшін 7 000 текше метр табиғи ұсақ тас пен құм салынған қаптар дайындап қойды.

 

По сообщению сайта Nur.kz