Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жапония АЭС-індегі апаттан кейін жайылған радиоактивті заттар Қытайға әсерін тигізбейді

Дата: 16 марта 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

БЕЙЖІҢ.   16 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ — Жапонияның атом-электр  стансасындағы  жарылыстан кейін  жайылған  радиактивті  заттар алдағы үш  күнде,ең алдымен Жапонияның   Хонсю аралығының орталық   және   солтүстік бөліктеріне әсер етуі  мүмкін,  біраз Қытайға   жетпейді.

Дүниежүзілік  метеорологиялық   ұйымның  Бейжіңдегі   Аймақтық  мамандандырылған    метеорологиялық   орталығының сарапшылары  осындай  қорытындыға келіп отыр.

«Синьхуа» агенттігінің  ақпаратына сүйенсек,  зілзала  болған   мен радиоактивті    заттар  жайылған  аумақта   16 наурызда жауын-шашынды, ал  17 наурызда  күн   бұлтты  болады  деп күтілуде. Жауын-шашын бір жағынан радиоактивті  заттардың   басылуына   сеп болса, екінші  жағынан апат салдарын   жою жұмыстарына  кедергі келтіреді.

Қытайдың Қоршаған ортаны  қорғау министрлігінің  жанындағы  Мемлекеттік ядролық   қауіпсіздік  басқармасының ақпаратына қарағанда,  жүргізілген   мониторингтің   қорытындысы  бойынша   Қытайда әзірге   ешқандай радиациялық ауытқушылық  байқалмаған.  Қытай  атом-электр стансаларының   жұмыс істеп тұрған  барлық энергоблоктары   қауіпсіз жағдайда.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы