Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада көктемгі су тасқындарына қарсы жұмыстар басталды

Дата: 16 марта 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ — Астана қаласында көктемгі су тасқындарының алдын алу мақсатындағы жұмыстар басталды. Бұл туралы әкімшіліктен хабарлады.

Астана әкімдігі жанында қаланың әр ауданында тасқын суды жіберуді ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылды, іс-шаралар жоспары бекітіліп, оларды жүзеге асыруға қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды.

Бүгінгі күні қала аумағын қардан тазарту және арналарды ашу жұмыстарының басым денімен Астанадағы ең ірі коммуналдық кәсіпорын «Астана Тазалық» ЖШС айналысуда. Осы күнге дейін кәсіпорын қала аумағынан 1 307 012 текше метр қар шығарып үлгерді.

«Бұл жаман көрсеткіш емес. Мысалға, 2009 жылы маусым бойы 1 200 000 текше метр, ал 2010 жылы 1 700 000 текше метр қар шығарылған болатын. Биылғы қыста қар көлемі өткен жылғымен шамалас болуы тиіс деп күтілуде», — деді «Астана Тазалық» ЖШС-ның директоры Ермек Оспанов.

Е.Оспановтың сөзіне қарағанда, қыс бойы кәсіпорынның техникалары тәулік бойы жұмыс істеді, баланстағы 317 техника толық көлемде жұмысқа тартылып отырды. Сонымен қатар, биыл компания тұрғын үйлердің аулаларына кіру есебінен жыл сайын тазалайтын аумақты ұлғайтуды жоспарлап отыр (егер аумаққа техниканың кіру мүмкіндігі болған жағдайда). Сондай-ақ, ЖШС су тасқынына қарсы комиссия құрып, өз бригадасы ішінде тәулік бойғы күзетті ұйымдастырды, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда хабарлау схемасын дайындады.

Кәсіпорын қала аумағынан қарды жинап, тысқа шығарумен бірге, су бұрғыш арналар мен науаларды тазалау жұмыстарын жүргізуде. 15 наурыздағы жағдай бойынша осындай 32 423 метр жүйе тазартылды. Жалпы ұзындығы 160 метр су бұрғыш құбыры буландырудан өтті, көшелердегі жаңбыр суын қабылдайтын 660 жер асты арналары ашылды. Бүгінгі таңда барлық үш тазалау құрылғысы мен 18 сорғы стансасы тексерілді. Олардың барлығы жұмыс қалпында. Өткен жылдардағы тасқын мен проблемалар ескеріліп, су басқан жерлерге төселу үшін 7 000 текше метр қиыршық тас пен құм салынған қаптар алдын ала дайындалды.

Қала әкімдігі өзінің ресми сайтында көктем сайын үйін су басу проблемасына тап болатын азаматтар үшін хабарласуға болатын байланыс телефондарын орнатып қойды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы