Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сәкен Бозаев. Жерінің асты – бай, үсті – кедей

Дата: 16 марта 2011 в 13:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ой-пікіріміз жаттанды, тіршілігіміз жасанды болғандықтан болар, кереғар көріністердің  қайсыбіріне бейтарап қарап,  қайсыбіріне күрсініп алып,   өткен — кеткенге уақыттың өзі түзету жасар деп қоя салатын болдық.

Кезінде  дәлелденбеген  жайлар уақыт өте келе қайта көктеп жатады..

Біздің өзімізге ғана лайықталған  кішкене ғана өлшемдермен өлшенетін  атақ, аброй деген ұғымымыз бар. Сол өлшемімізбен кез келген еті тіріні арқасынан қағып мәпелесек мықты болып шыға келеді. Ештеңенің қадіріне жете алмай жүргендерге жомарттық жасап, осы қалайларымызды мұқатқыш болып алдық.  Қолында құрығы, аузында билігі, қалтасы қомақтылардың айтқанын мақұлдай салудан    арланбайтын болық.

Босаға баққан шолақ құйрық, жауыр арқалар  додаға түсуге әрдайым дайын отырады.. Олар адаспас ақ жол, жұртын ілгері бастаған іс қыламыз, халық қызметшісі боламыз деуден гөрі, аламан бәйгінің ат айдаушысына ұқсайды.. Ел пайдасына таза жолмен тура бастайтын тұлға табылса, қазақ соның соңынан ерер еді. Туа біткен ескі дерт — аңқаулық пен сенгіштік, момындық пен бұқпалық  ондай тұлғаларды  таңдап, қолдай білетін естиярлыққа  жеткізер   емес.

Жерінің асты — бай, үсті — кедей жолы ауыр халыққа айналып отырғанымыз белгілі.. Ат төбеліндей азшылықтың есепсіз баюына себепкер болған өзіміз екенін білмегендей болып, пәлен хандай басшымыз, пәлен бидей ақылшымыз болса деп үйде отырып күңкілдейміз.  Әлихан Бөкейханов кезінде «Қазақтың бұрынғы хандары мен билерінің бәрінде де  әділдік, береке болса, бұл күнде қазақ бұл күйде болар ма еді», — деп жазғаны бар. Заманы адасқан соң өздері де адасып жүргендер байлықты өнермен, шаруақор біліктілікпен іздемей, жұртын тонап, момынды жылатып  іздеуге баулынуда..

Өміріміз  құпиясы мен шытырманы көп         адам түсініп болмайтын, бір-біріне қайшы құбылыстар мен эгоизм, құлқын бәсекесі өршігелі қашан.    Мансап пен байлық — ар-ұяттан жоғары қойылды.  Енді келіп, әлеуметтік теңсіздікке қоса, ішкі генетикалық теңсіздік өріс ала бастады.   Өз мүддеміз үшін күресуге  бейімделе алмай,  бағыныштылыққа бас иетін бұқпа болып алдық.

Орта ғасырда билік еткен сыңар көзді қытай императорына жағыну үшін төңірегіндегілер  сау көзін қысып жүретін болған екен.. Солар жай халыққа  императорды көргенде бір көздеріңді қысып тұратын болыңдар деген тәртіп енгізіпті делінеді.. Сол қытай көршімізден ауып келсе керек: «Биің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр», «Соқырларға  сыңар көзділер де қолбасшылыққа жарап жатады» деген мәтелдер бар.

Атырау облысы, Құлсары қаласы.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы