Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мәскеуде Сұлтан Бейбарс туралы фильм түсірген режиссер көз жұмды

Дата: 16 марта 2011 в 13:31 Категория: Новости культуры

Мәскеуде Сұлтан Бейбарс туралы фильм түсірген режиссер көз жұмды

Мәскеуде белгілі кинорежиссер Болат Мансұровпен қоштасу рәсімі өтті Ресейдің халық әртісі, кинорежиссерлер гильдиясының вице-президенті Болат Мансұров өткен жұма күні 73-ке қараған шағында көз жұмды.

Шеберді ақтық сапарға шығарып салуға оның әріптестері мен дос-жарандары келді. Барлығы да бірауыздан Болат Мансұровтың әлі тың ойларға толы болғанын, өмірінің соңғы күндеріне дейін тыным таппай жұмыс істегенін айтты. Оның бірінші фильмі 1963 жылы шықты.

15 жылдан астам уақыт бойы Болат Мансұров «Қазақфильм» студиясында еңбек еткен.

Тақтан бас тартып, туған өлкесіне қайтып келген Мысыр патшасы – Сұлтан Бейбарс туралы фильм түсірген де осы Болат Мансұров болатын.

Сонымен қатар, көрермендер оның «Құлагер» картинасын жақсы біледі.

2004 жылы кинорежиссер Қазақстанның ұлттық кинематографына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Әріптестер Болат Мансұровты тарихи оқиғалар, ірі тұлғалардың өмірбаяны қызықтыратын еді деп еске алады.

Рафкат Сабиров, С.Эйзенштейн атындағы қор жетекшісі:

— Болат Мансұров ерекше адам болатын. Нағыз дарын иесі, нағыз шебер. Оның әрбір туындысында пәлсапалық мағына жататын.

Алты Артықов, кинорежиссер:

— Барлығымыз оны құрметтеп, дәріптейтінбіз. Менің ойымша, Болат Мансұровтың өмірдегі мақсаты – тек жақсылық пен ізгілікке баулу болатын.

По сообщению сайта Nur.kz