Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада Наурыздың іс-шаралары «Қазақ елі» монументінің алдында өтеді

Дата: 16 марта 2011 в 15:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астанада Наурыздың іс-шаралары «Қазақ елі» монументінің алдында өтеді

Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Қанат Төкесбай мәлім етті.

Оның айтуынша, мейрам күні «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңға әрбір аудан әкімдігі он-оннан барлығы 30 киіз үй тігеді.

Оларда биыл жылдағы дәстүр бойынша дастархан жайылмайды, оның орнына ұлттық қол өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Сондықтан барлық киіз үйдің есігі келушілер үшін айқара ашық болады.

Онымен бірге, елордалықтар мен қала қонақтары Наурыз мейрамының басты тағамы — Наурыз көже мен бауырсақтан тегін ауыз тие алады.

Қалалық мейрамханалар мен наубайханалар да өз өнімдерін ұсынатын болады.

Наурыз мейрамының басты тағамы — Наурыз көже мен бауырсақтан тегін ауыз тие алады

Мейрам қалалық театрлар, цирк және филармония әртістерінің сомдауындағы әсерлі театрландырылған көріністен басталады. Одан кейін «Қазақ елі» монументінің алдына орнатылатын сахнада қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетсе, «Шабыт» өнер үйі мен «Тәуелсіздік» сарайының алдына қойылатын кішігірім сахналарда ұлттық спорт ойындарынан жарыстар мен көпшілікке арналған басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік шаралар осы күні сондай-ақ «Жастар» сарайының алдында өтеді.

Ал «Думан» ойын-сауық орталығына келушілер «Наурыз -Думан» атты қойылымды тамашалай алады. Қала театрлары өз кезегінде, өнер сүйер қауымды өздерінің үздік және жаңа қойылымдарына шақырады. Мектептер мен кітапханаларда мерекелік танымдық шаралар өткізіледі.

Наурыз мейрамы қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді.

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді. Астана қалалық Ішкі істер департаментінде болған бүгінгі баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Құқық бұзушылықты болдырмау мен қаладағы тәртіпті нығайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан шара 14-18 наурыз аралығын қамтымақ.

Сонымен қатар із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді ұстау, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеу мен кеден заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша ТМД елдері құқық қорғау органдарымен бірлескен «Іздестіру» шарасы да жүргізіліп жатыр.

ІІД мәліметтеріне сәйкес, алғашқы күннің қорытындылары бойынша ІІО-да есепте тұрған 542 азамат тексеріліп, 1153 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, қаңғыбастыққа салынған 51 адам ұсталған.

ҚР шекарасында заңсыз жүрген 4 шет ел азаматы сыртқа шығарылған.

По сообщению сайта Nur.kz