Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ардабек Солдатбай. Қазақтың бірлігі жерінің тұтастығында

Дата: 17 марта 2011 в 10:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Биыл еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы.

Өткен жиырма жыл, екі ғасырдың тоғасқан тұсы бізге мол мүмкіндік, зор сабақ берді. Жиырма жыл бойы «ары тарт та, бері тарт» болған талай көкпар-мәселенің иі қанып, «иті шығып» болды. Бүгінгі ояу қазақ, оянған қазақ өзіне, айналаға, әлемге сәби таңданыспен емес, оқыған-тоқыған, көрген-түйген, кесіп-пішкен көзқараспен үңілуде. Өз пікірін, жүрек қалауын, сана таңдауын жасай алатын күйге жетті.

Өткеннен өнеге алу  — болашаққа ұялмай бару. Бұл — сөзсіз  аксиома. Тәуелсіздік жылдары өткенімізден, қызыл империяның құрсауында болған жылаулы күндерден үлгі алып, кеткен кемшілігімізді түзетіп, жоғалған құндылықтарымызды қайтарып, тапталған ар намысымызды тазартумен болдық. Бұған әркім өзінше үлес қосты. Жетістігіміз аз емес. Бірақ көздің қарашығындай сақтап, сызат түсірмей аялайтын асылымызға төнген қауіп толық сейілмеді.

Қазаққа адамзатқа керектің бәрін молынан берген Жаратқан ием жауды да аямай беріпті. Сағымдай көшкен сан жылдар бойы қазақтың рухы қобыз болып күңіреніп, көк бөрі болып ұлыды, қыран болып саңқылдап, құлан болып жөңкілді, сом темір еді, майырылды, алалдығынан айырылды. Арқырай соққан ақ боран жол таптырмай сандалтты, шөл далада қан кепті. Бірақ рухы өлген жоқ. Табанына салып жаныштап, қорлық пен зорлықтың неше амалын қылса да ешкім жойып жібере алмады.

Алайда, мойындауымыз керек, ұлттық иммунитетіміз әлі әлсіз. Сондықтан, егемен ел болған 20 жылда қазақтың бірлігі мен ынтымағына сызат түсіруді көксейтін жымысқы пікірлерлілер, ашкөз қулар, арандатқыш ағымдар, сойылшыл-рушылдар жаңа тұрғыда көктеп шықты. Әлгі асылымызға төнген қауіп әлі сейілмеді дегенде осыны меңзеген едік.

Енді осы аталған дұшпандарымыз алдымен неге көз тігеді, соны нақтылайықшы. Біздің ойымызша, бірінші кезекте бәрінің көзінің құрты түсетіні дала... Ұлы дала, сайын сахара. Қолдарынан келсе, құдай берсе қазақтың жерін көн терідей жұлмалағысы келеді.

Егемен ел болып тұру үшін біз атамекен жерімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек емес пе. Ешқандай бөлуге, бөлшектеуге жол бермеуіміз керек. Әкімшілік-аумақтық қана емес, ономостикалық-атаулық тұрғыда да!

Мәселен, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы деген атаулар көңіліңізге еш кірбің түсірмей ме? Осы атаулардан болып аймақ тұрғындарының арасында бір біріне жеккөре қарау үрдіс алды. Бұл да біздің 20 жылда нақ көз жеткізген даусыз айғағымыз. Мәселен, солтүстік тұрғындары «южаниндер» деп кекете атайтын оңтүстік жақ оларды «шоқынды» деп кемсітеді. Батыс Шығысты күндейді, Шығыс үшеуін де «жүндейді».

Кім бұлайша Қазақстанды қақ бөліп тастады? Кеңес саясаты ма? Жоқ, ол 20 жыл бұрын келмеске кетті ғой. Демек, жоғарыда айтқанымыздай 20  жылда алған сабағымыздың бірі осы — үлкен қателік жібергенбіз, территориялық атауларды теріс қойғанбыз. Бұл сыртқы күштердің ықпалы емес деп те айта алмаймыз. Сондықтан елімізді бөлшектей атау беріп, бірлігімізге біраз нұқсан келітіріп алдық.

Қазақстаннан басқа ешбір елде бұлайша аймақтарға мемлекеттің атауын бөлшектей атап, территориялық атау берген емес. Бар қазақ — бір қазақ! Сондықтан да бір Қазақстан емес, бірнеше «Қазақстанды» елестететін атаулардан арылуымыз керек. Олардың орнына бар қазаққа аяулы болған, елдік пен бірліктің мұңын айтып, егемендік пен тәуелсіздіктің туын көтерген тұлғаларымыздың есімін берейік.

«Маса.кз» интернет газеті Батыс Қазақстан облысын  Құрманғазы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысын  Төле би облысы, Солтүстік Қазақстан облысын  Абылайхан облысы, Шығыс Қазақстан облысын  Абай облысы деп өзгертуді ұсынады. Бұлардың бәрі де ұлтқа ортақ тұлғаларымыз, ұлы мақтанышымыз.

Ұсынысты елім деген ерлердің бәрі қолдайтынына сенеміз. Бұл өзгеріс Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында өзімізге сыйлаған ең үлкен тартуымыз болар еді.

www.masa.kz интернет газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы