Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шәріпхан Қайсар. Тасқын астында қалған Тарбағатай қайта түледі

Дата: 17 марта 2011 в 14:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Былтыр ерте көктемде Қызылағаштағы қайғылы оқиғадан кейін іле-шала шығыстың шырқын бұзған су тасқыны елдің есін алған еді. Ақсуат «аралға» айналып, сол маңдағы ауылдардың адамдары жан сауғалай қашып, мал-мүлік пен үй-жай, қора-қопсы қызыл судың астында қалған болатын. Сол тұста алғашқы су тасқыны туралы дабыл қаққан Абай.кз порталы жария еткен ресми деректер бойынша, 6 елді мекенді су алған. Тасқын салдарынан 650 үй, 748 қора-жай, 50 мал қыстағы су астында қалып, 423 тұрғын үй, 465 қора-жай, 24 мал қыстағы бүлініп, құлаған. Су тасқыны салдарынан 1800 ірі қара, 9200 қой мен ешкі, 513 жылқы өлген.

Тарбағатай тауының етегін мекендеген елдің  ақ қар көк мұзда басына түскен ауыр күндерді бар қазақ бір атаның баласындай тең сезінді. Қарындас бауырға қолынан келгенше көмек қылды. Үкімет те қол астындағы халқының судан зардап шеккен азаматтарын жеделдетіп құтқарып, су қайтқан соң елді-мекендерді қайта қалпына келтіруге келтіріп, су шайған ауылды жаңадан салып шықты.

Ал, жұрт болып жұмылған ел жиған, тергенінен бөліп күндіз-түні көмегін жөнелтіп отырды. Шығыста таудың қуысында, Құдайдың уысында жатқан әр жан елеусіз, ел жәрдемінен тыс қалмады.

Сол кездегі мәдени саясат және өнертану институтының директоры Ерлан Саиров және басқада ел азаматтарының үйлестіруімен «Шығысқа көмек» акциясы жасалып, тілсіз жаудың құрсауында қалған ауылдарға ауқымды жәрдем жасалғаны жұрттың жадында болса керек.

Күн жылынып, су басы қайтып жер аяғы кеңіген кезде ауылдарды қалпына келтіру мен мүлдем су шайып кеткен ауылда қайта салу жұмысы басталған еді.

Сөйтіп, көктемгі тасқынан ең көп зардап тартқан Көкжыра ауылында үш айдың ішінде  210 үй мен 600 балаға арналған мектеп, амбулатория және  басқа да әлеуметтік сала нысандары салынды. Осы заманғы барлық дәрігерлік жабдықтар орнатылған амбулаторияда терапия, педиатрия, акушерлік бөлімдері, күндізгі стационары, зертханасы, тіпті тіс емдеу кабинетіне дейін бар. Жаңа амбулатория ауылдық округке қарасты елді мекендерде тұратын үш мыңға жуық адамның денсаулығын тексертіп, ем-дом алатын орнына айналыпты.

— Мен осы ауылда, осы салада отыз бес жыл еңбек етіп келемін. Мұндай жасалған жағдайды қуаныштымыз. Мұндай болады деп ешкім күтпеген еді. Сондықтан, Елбасынан бастап, облыс Әкіміне, басқа барлық басшыларға деген алғысымыз шексіз, — дейді амбулатория меңгерушісі Жәміш Биғазина.

Ал жаңа үйлердің барлығына тереңнен су тартатын құдық орнатылып, орталық көше асфальтталыпты. Әр үйдің жер аумағы атшаптырым десе де болғандай — 20 сотықтан.

Былтыр Шығыс қазақстан облысы бойынша 1154 үй зардап шексе, соның ішінде толық 615-і жарамсыз болып қалған еді, үш-төрт айдың ішінде төрт мектеп, 12 көпір, 68 шақырым жол салынды. Сондай-ақ осы ауылдардағы малы қырылған адамдарға екі пайыздық өсіммен бес жылға 350 миллион теңгенің несиесі босатылды. Көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларына дүние-мүліктен де көмек жасалып, жоғары оқу орындарындағы балалары төлемнен босатылды.

Міне, қалың елдің көмегінің арқасында һәм жайбасарлыққа салынбай қарамағындағы халықтың жайын жайлаған орталық билік пен облыстық әкімдік тиісті жұмыстарын атқарды. Әзір Тарбағатай тауын бөктерлеп ата қонысындағы отырған жұрт жайы ел қатарлы, ел іші тыныш.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы