Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бек Датұлы. Ислам атын жамылып арандатушыларға арнаймын

Дата: 17 марта 2011 в 14:30

Қарап жүрмей өзімде де бар. Қоғамды қоғадай шулатқан хиджаб мәселесін көтеріп нем бар еді десеңізші? Бірақ мен оны Ислам атын қаралау үшін немесе Исламды құбыжық қылып көрсету үшін жасамағаным құдайға аян. Ата-бабамыз хақ дін деп танып, сан ғасырлар бойы игілігі мен артықшылақтарын көріп келген дінге қастық қылу, тіпті үш ұйықтасам түсіме кірмепті.

Интернет пайдаланушы жамағаттың сайтта байбалам пікірлер жазып, ҚМДБ басшылығының қолына телефон алдырған мақаланың «Ислам эротикасы» деген тақырыбы болса керек. Тақырыпты мен Исламда эротика болғандықтан емес, аталған суреттердің көрмесінің атауына байланысты алғамын.

Мақаланы дайындаған менімен қоса суретші Макан Эмадидің де ит терісін басына қаптаған «мұсылман» бауырларым (Алланың атын ауызға алып отырып ең жиіркенішті сөздерді айтқандарды тырнақшасыз мұсылман деу қиын) негізінен мені дүниеге әкелген ата-анаммен бірге бүкіл апа-қарындастарымды лағнаттап, қарғыс жаудырумен шектеліпті. Бірақ осы байбаламшылар бұл суреттердің бүгін ғана жария болмағанын (суреттер галареясы мұнда http://makangallery.com/Gallery.htm, тағы да өнбейтін дауға қалмайық деп бұл жолы «Маса.кз»-ға көшіріп қоймауды жөн көрдік), суретшінің шығармашылығына қатысты әлемнің талай өнертанушылары мен дінтанушылары өз пікірлерін білдіргенін білмесе керек. Әрине, ештеменің байыбына бармастан аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқандарды мен тек «дүмшелер» деп қана білемін.

Енді бұл суретті оқырмандардың назарына не үшін ұсындым, соған келейін. Суретші осы суреттер арқылы өзінің жаһандануға қарсылығын көрсеткен. Бүкіл әлемді, соның ішінде араб елдерін де жалмауызша жайпап бара жатқан жаһандануға қарсы тұра алмасақ ертең қыздарымыз бетін хиджабпен жапқанымен етегіне ие бола алмай қалады дегенді айтқысы келген. Оның пікірі дұрыс болғандықтан Ислам әлемінде (біздің дүмше қазақтардан басқа) салған суреттеріне бола оны қарғап-сілеген ешкім болған жоқ. Бұл суретшінің қиялынан шыққан бейнелер. Ешбір тірі қызды модель қылған жоқ. Демек, біздің дүмше ағайын шулайтындай мұсылман қыздардың намысы тапталған жоқ.

Былай қарап отырсақ, бұл суреттерден біздің алатын ғибратымыз аз болмаса керек. Қоғам екіге жарылып хиджаб мәселесін қаузап жатырмыз. Ал көшеге шыға қалсаңыз тәнін сатып күн көрген қазақ қыздарынан аяқ алып жүре алмайсыз. Сонда солардың бәріне хиджаб кигізе қойсақ ар-имандары қайтып келе қояды екен ғой. Жоқ, мен олай ойламаймын. Біздің ұлттық меніміз, намысымыз оянбай оларды, «мұсылман» бауырларша айтсақ,  шайтани шатақтарды тия алмаймыз. Хиджабқа қатысты қоғамда қалыптасып отырған дауға қарасам тағы да жаңағы «қарғыс атқыр» суреттер көз алдыма еріксіз келе қалады. Тура біздің бүгінгі қоғамның бейнесі. Батыстың ықпалымен етегін ашып, арын сатып жүрген қоғамның басына арабтың хиджабын әкеліп кигізе қойсаңыз сол суреттегідей болмай, қалай болмақ?!

Мен қазақ қыздарының ар-иманды болып, Алланың (Аллахтың емес) ақ жолында жүргенін жан-тәніммен қалаймын. Өйткені, біздің қазақ болып қалуымыз, диірменнің тасындай шыр айналған дүниеде ұлт болып сақталып қалуымыз қазақ әйелдерінің ар-намысының тазалығынан ғана болған. Ары таза әйел намысты ұл туады. Бірақ мен қазақ қыздарының «араби бойжеткен» атанғанына қарсымын. Бұл қарсылығымның туындауына ең алдымен себепкер болған әсіредіншілдер. Аяғыңды аттап басқаныңды «күнә, ширк» дейтіндер. Егер мен қателесіп отырсам Құдайдың өзі кешірсін (уахабшылар емес). Бірақ хиджабты қолдап сайтта пікір қалдырушылардың көпшілігі надандықтан әсіредіншілдікке ұрынғандар, дүмшелер деп білемін. Мен отыздан астым. Осы ғұмырымда талай адаммен пікірлес болып, талай даудың ортасында да жүрдім. Сонда бір байқағаным діни сауаты аз, надандығы басым адамдар ылғи да діннің «сүйеушісі», «қорғаны» болып көрінуге тырысып, өз пікірін мойындату үшін оппонентінің ата-бабасынан бастап, өзіне дейін бәрін күнаһар атап, имансыздардың да аузына түсе бермейтін былапытпен былғап бітеді. Хиджабқа байланыс мәселе де сондай күйге түсті.

Өз басым қазақ қыздарының етек-жеңін қымтап, ұятты жерлерін жауып жүргенін қолдаймын. Бірақ хиджабпен емес. Оның себебін күнде айтып жүрміз. Хиджаб араб-парсының ұлттық киімі. Оны бүкіл мұсылман әйелдеріне ортақ киім деушілер нағыз надандар. Өз ұлтын сүймейтін, өз халқының салт-дәстүрі мен ар-намысын аяққа таптағандар Исламға да опа береді дегенге мен сенбеймін. Сондықтан олар дүмшелікпен тар аядан шыға алмай жатыр. Егер арабша киінбесең мұсылман емессің дейтіндер болса айтынсыншы, Ислам бүкіл адамзатқа жіберілген дін бе, әлде тек арабтардың игілігіне жіберілген бе? Егер бүкіл адамзатқа жіберілген дін болса неге бәріміз араб болуымыз керек?! Сан ғасырлар бойы әр халық Исламды өзінің салт-дәстүрімен қабыстыра отырып, өздеріндегі бар жақсыны Исламның қағидаларымен үйлестіре отырып қабылдамады ма? Сондықтан да біздің кешегі мұсылман атанған бабаларымыз сақал өсірмей-ақ, хиджаб кимей-ақ Исламды қабылдап, мұсылмандықты ең қадірлі деңгейге көтермеп пе еді. Ал бүгін келіп әлдебіреулердің «хиджаб кимесең мұсылман емессің» дегеніне жол болсын?

Келесі мәселе «сен бұрын қателесіп жүрдің, енді былай болсаң ғана мұсылмансың» дейтіндер кімдер, соған келейікші. Қазіргі қоғам оларды «уахабшы» дейді. Әрине, кімнің «уахабшы», кімнің «сопы», кімнің «ахмадишы», кімнің «құранит», кімнің «салафит» екенін тап басып айту қиын. Өйткені, өзін сол ағымдардың мүшесі атайтындардың өздері де кімнің кім екенін жөнді білмейді.  Біреудің айтуымен, айтағымен, шала сауаттылықпен шапқылап жүрсе қайдан білсін. Бір қызығы, барлығының да қазаққа дауы бар. Бәрінің аузынан Абай атам түспейді. Ал сол Абай атам дәл осындай дүмшелермен күресіп келді ғой. Оның білімі мен парасаты бүгінгі дүмше діндарларды екі орап алуға жетеді емес пе?!

Бұларды неге қазақ қоғамы қабылдамай жатыр? Өйткені, олардың қоятын ең басты талабы — «қазақтықтан бас тарт, арабтың салт-дәстүрін қабылда» болып келеді. Бұл деген ұлт ретінде жойылу емес пе! Ұлтын сүйген адам бұлай айтар ма еді? Өз ұлтын, өзін дүниеге әкелген әке-шешесінің дәстүр-салтын сыйламайтындар тек сатқындар ғана. Ал сатқындармен ешқашан пікірлес бола алмаймын!

Өз басым Бекболат Тілеухан ағаны қатты қадірлеймін. Оның әншілігі, шешендігі үлгі етуге тұрарлық. Бірақ өздерін «уахабшымыз» дейтіндердің айтуынша Бекболат ағамыз олардың рухани көсемі екен. Барлық қолдау мен қорғаштау сол кісіден екен. Ендеше, өзім қатты сыйлайтын ағамды Маса.кз-ның бетінде ашық пікірге шақырамын. Егер өзінің хиджабты қолдаушылардың бірі екені рас болса, онысын айтсын, өтірік болса онысын айтып, шулаған жұртты (әсіресе намыс.кз сайтын) тыныштандырсын.

Айтпақшы, Намыс.кз сайтына мың алғыс! Маса.кз-ның жарнамасын ғана жасап қоймай, мен секілді күнәһар пендеге тауфиық сұрап, менің иманды болуымды Жаратқаннан тілеуге барлық оқырмандарын шақырыпты. Көп тілегі орындалса екен. Сонда мен анау уахабшы атанып елді адастырғандар гөрі тозақта азырақ күйетін шығармын. Бірақ, сіздер айтандай (кесіп-пісіп, шешіп қойған) тозақта мен ғана емес, бәріміздің көзіміз көгеріп бірге отыратынымзға бәстесе (бәстесу — ширк болса да) аламын.

www.masa.kz интернет газет

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также