Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қ.А.Ясауи кесенесіне қауіп төнген

Дата: 17 марта 2011 в 15:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қ.А.Ясауи кесенесіне қауіп төнген

Қа­зақ үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін теңдесі жоқ бұл кесенені сақтай алмасақ, ата-баба аманатына адалдық та­ныта алмасақ, келер ұрпақ алдында кешірілмейтін қателікке жол беретініміз анық.

«Қазреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Қанат Тұяқбаев Елбасының Түркістан қаласына сапары кезінде Қ.А.Ясауи кесенесіне түрік реставраторлары күрделі жаңарту жұмыстарын жүргізгенін, алайда олар пайдаланған заманауи оқшаулау материалдарының көне құрылыспен сәйкес келмей шыққанын, сол себепті де күмбездің астына ылғал жиналып, кесене қабырғалары көгере бастағанын, кесененің төбесі құлайтын болғандықтан, қазір күмбездегі түрік тақташаларын алып, оны органикалық материалмен алмастырып жатқандықтарын айтты.

Қ.А.Ясауи кесенесіне қауіп төнгені жа­йында бұдан бұрын да баспасөз беттерінде көтерілді.

Көздің қарашығындай сақтауға тиісті ұлттық жәдігерлерімізді қашанғы жаттың қо­лымен «жарымжан» етеміз деген ой келеді екен осындайда. Қа­зақ үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін теңдесі жоқ бұл кесенені сақтай алмасақ, ата-баба аманатына адалдық та­ныта алмасақ, келер ұрпақ алдында кешірілмейтін қателікке жол беретініміз анық.

Ұлттық жәдігерімізді ұлықтай алмай отырғанда, шетелдіктер мұн­дай байлықтарын табыстың көзіне ай­нал­дырғалы қашан. Әзірге біздегі жә­ді­гер­лерді табыс көзі болуы былай тұрсын, са­па­лы сақтап қалудың өзі мұң болып отыр.

Кесененің астына бетон құйғанда горизонталды гидроизоляция жасалмаған

Бақытжан ЖҮНІСОВ, «Қ.А.Ясауи кесенесін қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Кесененің жөндеу жұмыстары­ның жобасын «Қазреставрация» кәсіпорны жасаған да, жұмысты түрік ағайындар жүргізген. Кесененің астына бетон құйғанда горизонталды гидроизоляция жасалмаған. Соның салдарынан қазір жерасты суы мен тұз жоғары көтеріліп жатыр. Бұлар жобада болған дейді. Бірақ сол жобаны сұратқанымызға жарты жылдан асып кетсе де, сұранысымыз қанағаттандырылмай отыр. Басынан бастап айтар болсам, өткен жылдың сәуір айында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қабылдауында болдым. Қоғамдық бірлестіктің ұсынысы бойынша облыстан арнайы комиссия құрылып, олар келіп көрді. Республикадан сараптама өткізу керек деген акт түзеді. Содан кейін облыс басшысы Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің атына хат жазды. Осы мәселеге орай тамыз айында Мәдениет министрлігінен құрамында 20 шақты мүшесі бар комиссия келді. Біз айтқан жайттардың барлығы дәлелденді. Сөйтіп, «Қазреставра­ция» кесене табанына бетон құятын болды. Біз оның жобасын сұраттық. Жобаны өз алдымызға сараптамадан өткізгіміз келді. Бұл арнайы хаттама­мен бекітілді. Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ілияс Қозыбаев деген азамат жобаны бір аптаның ішінде беретінін айтты. Бұл 2010 жылдың тамыз айы болатын. Соны осы уақытқа дейін әртүрлі желеу айтып, әлі бермей келеді. Түріктер тек жобадағыны орындадық деп отыр. Жақында осы мәселе бойынша Астанаға барып қайттым. Қозыбаев мені қабылдамады. Қолы тимейді екен. Екі күн күттім. Ақыры Базарбай Тәженов деген орынбасарының қабылдауында болдым. Ол қатыра­мыз дегенімен, сөзбен ғана қатырып, іс жүзінде ештеңе орындалмады.

Бақытжан Сүлейменұлының айтуынша, Қ.А.Ясауи кесенесіне өз алдына мавзолей статусы берілгені дұрыс екен.

Қазір ол «Әзі­рет-Сұлтан» қорық мұражайының құ­ра­мында. Оның аумағы өте үлкен. Әрине, бұл мұражайдың жұмыс істеуіне қарсылық жоқ, бірақ кесененің өзін бөліп алып, заңды тұлға ретінде қайта құру керектігін жасырмайды. Бұл іске де биылдан бастап кірісіп жатыр екен. «Өйткені қазір кесене аяқасты болып барады. Кіру тегін бол­ғандықтан, ішке маскүнем де, наша­қор­ да, жезөкше де кіріп жатыр. Осының жолын кесу үшін бұрынғыдай кесенеге кіру ақылы болуы керек деп ойлаймын. Сосын айналасы темір қоршаумен қоршалып, арнайы күзет қойылу қажет-ақ. Кесенеге кіру кестесін де реттеген жөн. Қазір діни экстремистер көп, кесенені жарып жібере ме деген қауіптің бар екенін де жасыруға болмайды» , – дейді Б.Жүнісов.

ЮНЕСКО-ның ұлттық жәдігерлер тізі­міне енгізілген Қ.А.Ясауи кесенесінің қазіргі жағдайы алаңдатарлық. Өзбекстан­да да осыған ұқсас кесене бар. Өзбек ғалымдарының пікірінше, кесене жұмсақ жерде тұруы тиіс екен. Бетон құюға мүлдем болмайтынға ұқсайды. Өйткені кесене қабырғасының қалыңдығы 3,5-4,5 метрге дейін жетеді. Арматура орнына ағаш қойылған. Ол шірімес үшін жел-иригация­лық жүйе жасақтаған. Бұл кірпіш пен ағаш­ты кептіріп тұрады.

Ал кесененің төбесінен су ағады. Кешегі құйылған бетон осы тесіктерді жауып тастаған. Енді ағып жатқан су қайда кетіп жатқанын ешкім білмейді.

Негізінде мұндай ұлттық құндылықтарға өзгеріс жасауға заң бойынша ешкімнің құқы жоқ. Дәл осылай әрі тарт та бері тарт болып жатқанда кесенеге деген қауіп күшеймесе, төмендемесі анық.

Ендеше, неліктен рестав­рация жұмыстарына шетелдіктерді тарта­мыз?

Қазақта «жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген сөз бар. Біздің ұлттық жәдігерлерімізге деген шынайы жанашырлықты өзімізден басқа ешкім де таныта алмайды. Ендеше, неліктен рестав­рация жұмыстарына шетелдіктерді тарта­мыз? Кесененің бір кірпішінің орнын то­лық­тыру үшін оның құрамын толық зерттеп алу қажет. Әйтпесе ол мүжіліп, түкке жарам­сыз күйге лезде-ақ түседі. Жәді­герлері­мізге дәл осылай селқостықпен қарар бол­сақ, олардан айырылып қалуымыз да ғажап емес.

 

По сообщению сайта Nur.kz