Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жапония. Арал тұрғындары тағы бір апатқа ұшырады

Дата: 17 марта 2011 в 18:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жапониядағы «Фукусима-1» Атом электр стансасы бақылаудан шығып кетті. Аталған апат турасында бүгін энергетика жөніндегі Еурокомиссар Гюнтер Оттингер мәлім етті. Еуропарламентте сөйлеген сөзінде ол «Жапония сұмдық апаттың алдында тұр. Аздаған уақыттан соң арал тұрғындарының өміріне сұмдық төнуі мүмкін», — деді.

Жапония билігі де «Фукусима-1»  атом электр станциясын бақылау шектен шығып бара жатқанын хабарлап, Азия елдерінен қауіпсіздік шараларын нығайтуын өтінді. Егер жаңбыр жауа қалса, адамдардың далаға шықпай, 24 сағаттың көлемінде  жабық ғимаратта болуын ескертуде.  Есік терезелерді қымтап,  мойын терісі мен қалқанша без маңына йод торлар жасау маңызды. Себебі,  сәулелену ең бірінші кезекте қалқанша безінің қызметін бұзады.

«Фукусима-1» Атом электр стансасындағы ахуалға байланысты біздің тілшілеріміз Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Юдза Харадамен байланысқа шығып үлгерді. Ол қысқаша былай дейді:

-Радиацияның қауіпі алдағы сәуір айында ғана белгілі болады. Оған дейін бірдеме айту мүмкін емес.

Жұртты үрейге салған ақпаратты анықтау мақсатында қоңырау шалғанымызда Курчатов қаласындағы  Ұлттық ядролық орталықтың мамандары көңілді тыныштандыратын жауап қайтарды. Олардың айтуынша, желдің бағыты радияцияны Тынық мұхитқа қарай айдап кеткен көрінеді. Бізге келер еш қауіп жоқ деседі. Мұхиттың дымқыл ауасы радияцияны тарқатып жібереді. Үрейге беріліп, артық-ауыс сақтық шараларын қолданудың қажеті жоқ дейді мамандар.

Ал ҚР президенттігінен үміткер Мэлс Елеусізов болса мынаны айтты:

-АЭС-тың қауіптілігі туралы мен ылғи да айтып келемін. Міне, Жапониядағы жер сілкінісінен кейін орын алып отырған «Фукусима -1» АЭС-дағы жағдай осыған дәлел. АЭС-тен гөрі желді, күнді, жерасты суларын пайдалану керек.

«Фукусима-1» Атом электр стансасының бақылаудан шыққанын ести салысымен Германия халқы жаппай радиация өлшейтін құралдарды сатып алып жатыр екен.  Өйткені оларда Чернобыль апатынан кейін қалған үрей бар. Ал, Жапониядағы  жарылыстан пайда болған радиацияның біздің елге жетуі нейғабыл. Өйткені, аралық өте қашық әрі үлкен таулар бар. Дегенмен, Үкімет халықты бұл жағдайдан хабардар етуі қажет деп ойлаймын.

«Абай-ақпарат»

1-ші суретте: Жапонияның «Фукусима-1» Атом электр стансасы

2-нші суретте: оң жақта Чернобыль АЭС-дағы жарылыс, сол жақта «Фукусима-1» АЭС

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы