Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

БЭК Қазақстан мен Ресей арасында жүргізіліп жатқан барлық ықпалдастық үдерістердің ең шыңы болып табылады — ҚР Президенті

Дата: 18 марта 2011 в 07:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың РФ Үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен болған кездесуі барысында екі ел арасындағы ықпалдастық үдерістердің  дамуы  жөніндегі болашақта атқарылатын жұмыстар талқыланды.

В.Путиннің айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы ықпалдастық іс-қимылдары қарқынды дамып келеді. «Сіз осы үрдістерді алға бастырып отырғандықтан бұл жайлы есту Сіз үшін қуанышты екеніне сенімдімін. Бұл Сіздің идеяңыз, біз оны жүзеге асырудамыз және өте жемісті жүзеге асырып жатырмыз», — деп атап өтті В.Путин.

Ол сондай-ақ екіжақты форматта біздің елдерімізде тауар айналымның артқаны және ірі инвестициялық жобаларды өзара алға жылжыту  байқалатындығын атап өтті.

«Біз көліктік инфрақұрылым мәселелері, теміржол тасымалы мен энергетика мәселесі жөнінде уағдаластық орнатудамыз. Жалпы алғанда Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының деңгейі Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында өте биікте тұр. Біз өз тарапымыздан дәл осындай жұмысқа күш салуға дайынбыз», — деді В.Путин.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2010 жылы қабылданған келісімнің, әсіресе Кеден одағының құрылуы мен  Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша белсенді ілгері жылжудың маңызын атап көрсетті. «Бұл біз сізбен жүргізген барлық ықпалдастық үдерістердің шыңы десек де болады, — деп атап өтті Мемлекет басшысы. — Кеден одағы жұмыс жасай бастағаннан бергі бір жыл ішінде Ресейден Қазақстанға қарай экспорт 30 пайызға ұлғайып, 12 млрд. долларды құрады, ал Қазақстаннан Ресей бағытына 5 млрд. доллар өнімдер жөнелтіліп, мұнда да 30 пайызға жетті. Бұл нағыз ықпалдастықтың нақты жемістері».

ҚР Президенті атап өткендей, соңғы бес жылда Ресей Қазақстанға тікелей инвестиция түрінде 3,5 млрд. доллар құйды, ал өз кезегінде Қазақстан 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды».

Бүгінгі таңда 3,5 мың бірлескен ресей-қазақстандық кәсіпорындар жұмыс істейді. Машина жасау және авиация, сондай-ақ қорғаныстық бағытта ірі жобалар жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар Н.Назарбаев ресейлік тараптың назарын Ресей аумағы арқылы өтіп, 2012 жылы аяқталады деп күтіліп отырған «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің құрылысына аудартты.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы