Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астана Бас имамы мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Дата: 18 марта 2011 в 17:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана Бас имамы мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Нұр-Астана» мешітінің Бас имамы барша мұсылман қауымын алдағы Наурыз мейрамымен құттықтады.

Бүгін, қасиетті жұма күні Сәдуақас Ғылмани атындағы орталық мешітте өткен жұма намазына қатысқан «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев барша мұсылман қауымын алдағы Наурыз мейрамымен құттықтады.

Қалижан Заңқоев, «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы:

— Әрине, ең бірінші, бүгінгі қасиетті жұма күні барша мұсылман қауымына мүбәрак болсын. Осы күні жасаған біздің барлық ғибадаттарымыз қабыл болсын!

Ал енді алдымызда келе жатқан Наурыз мерекесі барша қазақстандықтарға құтты-берекелі болсын! Жалпы, бұл мерекені дінмен байланыстырудың қажеті жоқ. Бұл — елдік мереке.

Наурыз — қазақ халқының ежелден тойлап келе жатқан мейрамы, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы, қыстан аман-есен шығып, мәре-сәре болатын кез.

Күн мен түн теңелетін осы бір ұлттық мейрамымыз ресми түрде 1991 жылдан бері тойлануда. Байқап қарасақ, оны атап өту ауқымы жыл өткен сайын кеңеюде.

Наурыз мерекесі барша қазақстандықтарға құтты-берекелі болсын!

Әрине, Наурызды бір ел болып тойлау — жақсылықтың нышаны. Бұл мереке бір қазақ халқының мейрамы емес, Қазақстанның кең байтақ жерін мекендеп жатқан барша ұлттар мен ұлыстардың ортақ мейрамы болуы тиіс.

Сондықтан осы қасиетті жұма күні біздің Алла тағаладан сұрайтынымыз, ол — біздің мерекелі де берекелі күндеріміз көп болсын!

Жаратқан иеміз қайғы-қасіреттен сақтасын! Бүкіл жамағат ел болып бірігіп, осы Наурыз сияқты мерекелерде арқа-жарқа болып, тойдан-тойға жетуге Алла тағала нәсіп етсін!

По сообщению сайта Nur.kz