Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматы орталығындағы атыс: бопсалаушылар полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған

Дата: 19 марта 2011 в 08:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы орталығындағы атыс: бопсалаушылар полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған

Алматының орталығы Абылайхан мен Райымбек даңғылының бойында атыс болған.

Бопсалаушыларды құрықтауға келген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де оқ атылады. Әбүйір болғанда зардап шеккендер жоқ. Төрт адам құрықталды.

Қылмыскерлер алматылық кәсіпкерден ақша бопсалаған. Кәсіпкер мұның алдында ақша берген болып шықты, алайда қылмыскерлер мұны аздық етіп алдығысынан гөрі үлкен соманы талап етеді. Кәсіпкер құқық қорғау орындарына хабарласуды жөн көреді.

Полиция арнайы операция әзірлеп, бопсалаушыларды қылмыс үстінде құрықтауға шешім қабылдайды.

Алматы қаласының ІІД-нің баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Әзірбектің айтуынша төрт қылмыскердің заңға қайшы істері туралы жәбірленушінің арызынан кейін белгілі болған.

Ол құқық қорғау орындарына хабарласпай тұрып бопсалаушыларға 200 000 теңге беріпті. Полиция қылмыскерлерді ақшаны алу кезінде құрықтамақ болады, алайда қылмыскерлер ішкі істер қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсеткен, ал біреуі оқ атып оқиға орнынан қашпақ болады. Қашуға бел шешкен қылмыскер айғақтан құтылу үшін тапаншаны қойылыста тұрған жүк көлігінің бетон араластырғышына тастап жіберген.

Бұл арнайы операция қылмыскерлер ауылшаруашылық іспен айналысатын жәбірленуші кәсіпкермен кездесетін орны Алматы-2 темір жол вокзалының маңында өтті.

Қылмыскерлердің қорқытуы нәтижесінде кәсіпкер олардың талаптарына келісіп сұраған жеті мың АҚШ долларын кездесу орнына алып келген.

Абырой болғанда көшедегі кездейсоқ адамдар зардап шекпеген

«Тергеу жұмыстары кезінде қолданылған тапанша мен қылмыскерлерге берілген ақша тәркіленді. Абырой болғанда көшедегі кездейсоқ адамдар зардап шекпеген. Өз кезегінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері табельдік қаруды қолданбай-ақ төрт қылмыскерді тұтқындап, кәсіби дайындықтарын көрсете алды», – дейді капитан шеніндегі Салтанат Әзірбек.

Кейін анықталғандай төрт қылмыскер де бір қоныс колониясында жазаларын өтеп жүрген сотталғандар. Ұсталғандардың үшеуі бірқатар ауыр қылмыстар үшін, ал енді біреуі денеге ауыр жарақат түсіргені үшін сотталған.

Сотталған қылмыскерлердің бостандықта жүріп қылмыспен айналысып жүруіне қалайша жол берілгендігі анықталуда.

Ақша бопсалау фактісі бойынша Жетісу ІІБ-да қылмыстық іс ашылды. Тергеу ісінің аясында ІІД-нің басшылығы сотталушылардың үстінен бақылаудың болмағандығы үшін қызметтік тұлғаларды жауапқа тарту мәселесін көтеріп отыр.

 

По сообщению сайта Nur.kz