Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Наурыздың 19-ы күні Алматыда қазақ блогшыларының құрылтайы ашылады

Дата: 19 марта 2011 в 08:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Наурыздың 19-ы күні Алматыда қазақ блогшыларының құрылтайы ашылады

Наурыздың 19-ы күні Алматыда қазақ блогшыларының құрылтайы ашылады

Наурыздың 19-ы күні «Мінбер», «Медианет», «AsClub», «MediaLab» журналистік орталықтарының ұйымдастыруымен Алматыда тұңғыш рет қазақ блогшыларының әлемге танымал баркэмп форматындағы бейресми жиыны ашылады.

Жиынға Қазақстаннан, сонымен қатар шетелде тұрып жатқан 150-ге жуық қазақ тілді блогшы қатысады. Шара барысында жаңа медиа, әлеуметтік желілер, блогтардың дамуы, ІТ тақырыптары бойынша презентация, шеберлік сыныптары, талқылау, бейресми отырыстар, кездесулер өткізіледі.

Шара барысында БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Оған құрылтайдың ұйымдастырушылары:

1.«Мінбер» журналистерді қолдау орталығының өкілі, блогшы, журналист Асхат Еркімбай;

2. «MediaLab» медиа коммуникация орталығының өкілі блогшы, журналист Ербол Азанбек;

3. «Медианет» халықаралық журналистика орталығының жоба менеджері Дінмұхаммед Зиядин;

4. Блогқұрылтайдың бас демеушісі GSM Казахстан/Kcell компаниясының PR менеджері Еркін Үдербай қатысып, жаңа медиа, әлеуметтік желілер, блогтардың дамуы туралы өз ойларымен бөліседі.

Сонымен қатар блогкэмп аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған блогтар байқауы және үздік жобаларға қаржылай қолдау көрсету бағдарламасының нәтижесі белгілі болады.

Байқаудың мақсаты – қазақ блогосферасының дамуына жағдай жасау, блогшыларды ынталандыру әрі жаңа жобалардың пайда болуына жәрдемдесу.

Анықтама: блогкэмп – бұл (ағылш. blogcamp) арнайы ұйымдастырушысы жоқ, еркін форматта өтетін блогшылардың бейресми жиыны.

Құрылтайдың серіктес ұйымдастырушы — ҚМЭБИ, бас демеуші — Kcell компаниясы, техникалық демеуші «Қазақтелеком» АҚ.

Қолдағандар Nokia, HP, Mega Ice компаниялары.

Баспасөз мәслихаты наурыздың 19-ы күні сағат 10.30-да Алматы қ-сы, Абай көшесі 2, ҚМЭБИ ғимараты, New Building корпусында өткізіледі.

Бұдан бөлек, наурыздың 20-сы күні сағат 16.00-да болатын үздік блогшылар мен үздік жобаларды марапаттау рәсімін де өткізіп алмаңыздар!

Наурыздың 20-сы күні сағат 16.00-да болатын үздік блогшылар мен үздік жобаларды марапаттау рәсімін де өткізіп алмаңыздар!

Шараға қызығушылық танытқан БАҚ өкілдері міндетті түрде алдын-ала тіркелуі қажет.

Тіркелу үшін мына телефондарға хабарласуыңызды немесе электронды почтаға хат жолдауыңызды өтінеміз.

Мақпал  +7 701 83 99 276 kmaqpal@gmail.com

Ербол +7 702 280 50 30, erbol_press@mail.ru

По сообщению сайта Nur.kz