Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тәуелсіз эколог Қазақстанда АЭС салуына қарсы

Дата: 19 марта 2011 в 09:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тәуелсіз эколог Қазақстанда АЭС салуына қарсы

Қазақстан жапониялық «Фукусима» атом электр стансасындағы апаттан кейін радиациялық мониторингті күшейтіп, елдегі АЭС жобасының қауіпсіздігін қайта тексеруге кірісті.

Ғалым Еділ Жаңбыршин АЭС салу идеясына қарсы уәждерін ортаға салды.

Жапониядағы жағдайға қармастан Қазақстан АЭС cалу идеясынан бас тартпауы керек дейді биліктегілер. Алайда, мамандар бұл жоба Қазақстан үшін өте қауіпті деген пікірде.

Астанада, наурыздың 16-сында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов, Қазақстанда атом электр стансасының құрылысын салу идеясынан бас тартудың реті жоқ екендігін мәлімдеді.

— Атом электр стансасын cалу идеясынан біз кетпеуіміз керек, түбінде бәрібір салуымыз керек. Бірақ бұл жерде қауіпсіздік жағдайын ойлауымыз керек, — деді вице-министр.

Ол үкімет мақұлданған атом энергетикасын дамыту бағдарламасы қазір президент аппаратының қарауында екендігін айтты. Бұл жобада қауіпсіздік мәселелері мүмкіндігінше ескерілген көрінеді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Маңғыстау облысының Ақтау қаласында салынбақшы (ВБЭР-300) орташа қуатты реакторлы АЭС жобасының қауіпсіздігін қайта тексеріп жатыр. Бұл іске халықаралық мамандар тартылады дейді елдің индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарасты атом энергиясы жөніндегі комитеттің төрағасы Тимур Жантикин.

Атом – қару, ал қару ешқашан қауіпсіз болмайды

Тәуелсіз эколог-ғалым Еділ Жаңбыршин Қазақстанға атом станциясының салынуына қарсы мамандардың бірі. Ол өз сөзінде, «атом – қару, ал қару ешқашан қауіпсіз болмайды» дегенді атап өтті.

— Адамзат ең бірінші атом энергиясын адамды құрту үшін пайдаланған. Сол үшін атом бомбасын жасап шығарған. Сондықтан ол ешқашан қауіпсіз болмайды, я бейбітшілік деген ұғымдармен қатар жүрмейді, — дейді ғалым.

Экономикасы мен технологиясы дамыған Жапониядағы жағдай АЭС-тің зардабының қаншалықты қуатты екендігін көрсетті деген ғалым, Қазақстан бұл ойдан бас тартуы тиіс деп санайды.

— АЭС-тің құрылысы өте күрделі, сәйкесінше оның бағасы да арзан емес. Ақтаудағы жобаланып жатқан АЭС-тің құрылысына біреулер 1миллиард 200 миллион АҚШ доллары жұмсалады дейді, ендігілер 4 миллиардқа дейін барады дейді. Бұл үлкен ақша. Осы ақшадан дәмелі білгілі бір топтар бұл жобаны тықпалап отырған сияқты. Ал егер мемлекет халықтың экономикалық, экологиялық болашағын ойлайтын болса, бұл жобаны мүлдем жауып тастау қажет, — дейді ғалым Еділ Жаңбыршин.

По сообщению сайта Nur.kz