Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстандық делегация еуропалық шенеуніктермен келіссөз өткізді

Дата: 19 марта 2011 в 11:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

БРЮССЕЛЬ. 19 наурыз.  ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ —   Қазақcтан   Президентінің көмекшісі Нұрлан  Ермекбаев   Әділет министрлігінің жауапты  хатшысы  Марат Бекетаевпен және    Экономикалық даму  және  сауда вице-министрі Қуандық Бішімбаевпен бірге    Брюссельде   сапармен  болып, еуропалық   шенеуніктермен және  жетекші  халықаралық сарапшылармен  кездесулер өткізді.

Қазақстандық делегацияның  өкілдері     Еурокомиссия  төрағасының дипломатиялық кеңесшісі  Паоло Пиньеромен,   Еуроодақтың   сыртқы  істер және   қауіпсіздік саясаты  жөніндегі жоғары  өкілі  кабинетінің мүшесі  Карл Халлергардпен    кездесіп, Еуроодақ пен  Қазақстанның арасында  жаңа базалық    келісім  жасау  туралы   алдағы  келіссөзді ескере  отырып,  Қазақстан  мен  Еуроодақтың   арасындағы екіжақты  ынтымақтастықты әрі  қарай дамытудың  жайын талқылады.  Сондай-ақ тараптар   ЕҚЫҰ төрағалығы  кезіндегі Қазақстанның  экономикалық және  саяси даму мәселелерін     сөз етті.

ҚР  Президентінің көмекшісі   Н.Ермекбаев пен  делегация мүшелері  сондай-ақ   Қазақстан мен Еуроодақтың  арасындағы қарым-қатынастардың  ағымдағы жағдайы мен   оны дамыту  перспективасына арналған «дөңгелек  үстел»  отырысына  қатысты.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы