Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Оралда Наурыз мерекесіне арналған концерт қойылды

Дата: 19 марта 2011 в 11:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ОРАЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ — Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында 18 наурызда «Бақ-берекем, әз Наурыз» атты театрландырылған концерттік бағдарлама қойылды.

Онда Наурыз мейрамына орай көріністер қойылып, өңірге танымал әртіс-әншілер өнер көрсетті. Кеше сондай-ақ Наурыз мейрамы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті және басқа оқу орындары мен мекемелерде атап өтілді.

Мерекелік шаралар бүгін де жалғасады. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сайран Дүйсентегінің айтуынша, Жастар мәдениет үйінде алғаш рет мүгедек балаларға арналған шара ұйымдастырылып отыр. Қайырымдылық шарасымен 160 бала қамтылмақшы.

Негізгі шаралар Орал қаласында 22 наурыз күні өтеді. Сырым Датұлы алаңында басталатын театрландырылған көрініс, спорттық шаралар, өнімдер жәрмеңкесі кешкісін Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертімен аяқталмақшы.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы