Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Наурыздың маңызы артып, Жаңа жылдың мәні төмендеп келеді»-республикалық басылымдарға шолу

Дата: 19 марта 2011 в 11:31

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат — Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 19 наурыз, сенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше Елбасы Н.Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. «Шүкір, өңірде Мемлекет басшысына «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп көрсететіндей табыстар да жеткілікті. Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 951,1 млрд. теңге болды, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 255,9 млрд. теңгеге көп. 2010 жылы қарастырылған 24 жобаның іске қосылуы барысында 109,8 млрд. теңге инвестиция игеріліп, 5,4 мың жұмыс орны ашылды», — деп жазады басылым. Мақала «Өркенді істер, өміршең бастамалар» деген тақырыппен берілген.

***

«Айқын» газетінің дәстүрлі «Ақ сөйле!» айдарында Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазымен арадағы сұхбат «Наурыздың маңызы артып, Жаңа жылдың мәні төмендеп келеді» деген тақырыппен берілді. Басылым тілшісінің барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ол: «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына аралас мектептерді қазақ мектептеріне айналдыра алсақ, бұл үлкен жақсылықтың басы болар еді. Ол орыстілді мектеп пе, немістілді мектеп пе, бірінші басшылары мемлекеттік тілді еркін меңгерген азамат болуы тиіс. Себебі мектептер — мемлекеттік мекемелер. Қай мектеп болмасын, ол Қазақстан мемлекетінің қаржысына жұмыс істеп жатыр», депті.

«Сәуір айының 3 жұлдызына жоспарланған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына денсаулығына байланысты қатыса алмайтын Қазақстан азаматтарының Конституциялық құқықтары шектелмейді. Себебі сайлау кампаниясының мүшелері олардың дауыстарын үйлерінен алып кетеді», — деп жазады «Айқын» газеті. Басылымның атап өтуінше, ең бастысы, сайлаушы сайлау күні түнгі сағат 12-ге дейін өз учаскесіне хабарласып, науқастанып қалғандығын жеткізуі тиіс. Осылай болған жағдайда мамандар сайлаушының үйіне барып, қалаған кандидатына дауыс беру шараларын өткізеді. Ал шет мемлекеттерде еліміздің 14 мың азаматы дауыс береді.

***

«Алаш айнасы» газетінің тұрақты «Дат!» айдарында Халықаралық түркі академиясының президенті, филология ғылымының докторы, профессор Шәкір Ыбыраевпен арадағы сұхбат «Наурыз келгенде жер бетін нұр шалады» деген ұғым исламнан әлдеқайда бұрын пайда болған» деген тақырыппен берілген. «Наурыз мерекесі арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, адамдардың бір-біріне достық қарым-қатынасын  дәріптеуіміз керек. Яғни, Наурыздың жақсылықты, молшылықты насихаттайтын ескі астарын түсінуге тиіспіз», — дейді ғалым.

Осы басылымның жазуынша, кеше Парламент Мәжілісінде халық қалалулылары мен палатаның аппарат қызметкерлері Наурыз мейрамына байланысты мерекелік шара ұйымдастырып, Ұлыстың ұлы күнін салтанатты жағдайда атап өтті.  Жиын барысы мерекелік шағын концерттік бағдарламаға ұласып, соңынан мәжілісмендер Наурыз дастарқанынан дәм татып, көжесінен ауыз тиіп тарқасты.

***

«Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Валерий Брылевті қабылдады», — деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу барысында тараптар Қазақстан мен Беларусьтің өзара іс-қимылы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті және парламентаралық құрамдағы байланыстарды одан әрі белсенділендіруді жақтайтындарын айтты.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также