Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ерлан Жүніс. Наурыз – ұлыс өмірінің этикеті

Дата: 19 марта 2011 в 14:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әр халықтың өмір сүру ережелерінің, салт-дәстүрінің, мінез-құлық пен сөз мәдениетінің, кісімен араласу, әңгіме табиғаты, тақырып ауаны, киім кию, бұйым тұтыну этикеттері болады. Бірінікі қағазға түскен, бірінікі жылнамаларда белгіленген. Көшпенді халықтар мәдениеті өзгеше келетіндіктен, оның үстіне жаугершілік замандарда аттың жалында, түйенің қомында өткен дәурен біздің халқымыздың салт-санасының, дәстүр-жоралғысының, мінез-құлық қалыптарының бәрі-бәрі ауызша түрде сақталып келген.

Мәселен, халқымыздағы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер — өзге халықтардағы секілді ұтқыр ойлар мен ұтымды толғамдардың жиынтығы ғана емес, өмір сүру ережелерінің, бабалар жолының, өмір тәжірибесінің, көрген мен білгеннің, түйген мен топшылағанның қалыптасқан белгілі бір нор¬масы. Сол мақал-мәтелдер, шешендік сөздер ел ішіндегі жер дауынан бастап, жесір дауына дейінгі күрделі мәселелерді шешудің таптырмас жолы, әділ төресі болып отырды. Соларға қарап ер қалыптасты, ел түзелді. Енді байқағанымызда, Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз тойы сол ұлттық менталитет пен колоридтік құндылықтардың, болмыс пен табиғаттың, пайым мен танымның, өре мен өскелеңдіктің, жаңа мен көненің тұтас бір энциклопедиялық анықтамалығы екен. Ол — дала өмірінің, қазақ дүниесінің мінез-құлық пен ерік-жігерінің, мәнері мен ішкі мә¬дениетінің, әдет-ғұрпының этикеті болған. Этикет ұғымының пайда болуынан бүгінгі нақты заманға дейінгі қолданылуының артында қарапайым ғана «сыпайылық» тұр. «Сыпайы тоңбайды, қалтырайды» деген халқымыз мұны жіге-шігесіне дейін талдап, тал¬қылап, өмір тәжірибесінен өткізіп, қағазға түсіріп емес, халық өмірінің қалыпты күнделікті тіршілігіне сіңіріп жіберген. Ал Наурыз тойы — сол ата сүті, ата қанымен сіңірілген мәдениеттің іс жүзінде көрсетілуі, яғни белгілі бір дәрежедегі емтиханы, сынағы. Әркім өз мәдениеті жеткен жерге дейін әрекет етеді. Жалпы, мәдениетте этикеттің бірнеше нормалары бар. Қысқаша түрде салыстырып көрелік:

1) Сәлемдесу: Наурыз күні халқымыз әуелі күнге сәлем беріп, содан кейін бір-бірімен төс қағыстырып амандасып, алыс-жақындағы ағайын жиылып, өткен күнгі өкпе-ренішті кешіріседі;

2) Сыйлық беру: Бойжеткендер жігіттерге арнап кесте тоқып, соғымның соңғы етін беріп, жігіттер айна, тарақ, әтір сыйлайды. Әр үй наурызкөже пісіріп, үйге келген адамға ақ ұсынады;

3) Дастарқан басында: Нарқазан, тайқазанға ортақ ас салып, сол ас басында халық болып аталы сөз айтылып, өткенге салауат, келешекке аманат айтысады;

4) Киім кию: наурыз — жаңалық, тазалық күні, халық ұлттық нақыштағы ең әдемі, ең таза ақ түсті киімдерін киіп, жастар қызылды-жасылды киініп, сыланып-сипанады;

5) Әңгімелесу мәдениеті: үйді тазартып, шырақ жағып, ыдыстарға ағарған мен бұлақ суын құйып, бір-біріне ең ізгі тілектер айтысып, «үлкеннен ұлағат, кішіден ізет» деседі;

6) Сыртқы мәдениет: Халық болып тал егіп, бұлақтардың көзін ашады.

«Айқын» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы